«отандық тауар өндірушілерді қорғау» бағдарламасын жасайтын уақыт жетті емес, өтіп кетті!»

Дереу қолға алатын шаруалар шаш — етектен. Ең алдымен, дағдарыстың кезекті толқынын қалай қарсы аламыз? Нақты бағдарлама қандай? Кезінде үкімет «А» және «Б» варианттарын әзірлеп жатырмыз деген болатын президентке. Қайда сол құжаттар? Мұнайдың бағасы күрт төмендеп кетсе, не шара жасаймыз? Осы басты сұрақтарға жауап бермесе, дағдарыстың сол толқыны Есілге жетіп, үкіметтің өзін шайып, суға ағызып жіберері хақ!

Әміржан Қосанов:

Екіншіден, баға мен тарифтердің шарықтап бара жатқан жағдайында әлеуметтік жағынан қорғаусыз азаматтарға қандай нақты қолдау болады? Басқасын айтпағанда, 90-жылдары, бюджеттегі қаржының аса тапшы кездің өзінде үкімет аса зәру топтарға адрестік көмек беріп еді ғой. Ол кезде мұнай бағасы 10 доллар болған, қазір 100 доллардың о жақ бұ жағында! Қазіргідей 80 миллиардтан астам қаржысы бар Ұлттық қор деген тіпті болған жоқ о кезде! Үшіншіден, Кеден одағының жағдайында «отандық тауар өндірушілерді қорғау» бағдарламасын жасайтын уақыт жетті емес, өтіп кетті! Дүкен мен базарға барыңыз, барлық дерлік тауар Ресейден! Біздің өндірушілерге неге осы күнге дейін қол ұшын беріп, тауар бағаларын бәсекелес етердей жағдай жасалмады? Осы мәселені шешпесе, ертең көшеге оппозиция емес, шағын және орта бизнес өкілдері шығып кетпесіне кім кепіл?
Әзірше — осы. Шынымды айтсам, ең болмаса, осы үш мәселені шешіп берсе, қанша жерден оппозиционер болсам да, осы үкіметке рахмет айтар едім!

«Абай кz».