Кадр біліктілігін көтеру-аса маңызды мәселе

313
0

Нарықтық экономика жағдайында кадрға қойылатын талап күшейтілген кезде кадрдың біліктілігін арттыру еңбек қатынастарындағы ең өзекті проблеманың бірі. Қай мекеме болсын бұл мәселенің оңтайлы шешілуіне мүдделі. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру дегеніміз — ол бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.Біліктілікті арттыру курстарынан (семинарлардан) өткен қызметкерлерге тиісті сертификаттар немесе куәліктер беріледі. Әр қызметкердің ҚР Еңбек Кодексінің 143-бабына сәйкес кәсіптік даярлауға және біліктілігін арттыруға құқығы бар. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер ҚР ЕК-де, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
Мамандардың кәсіби білімін жетілдіру мәселесі Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында да нақты тиянақталған.
Біздің Департамент тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға аса ден қойылған. Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі саласының барлық жоғары медициналық білімі бар мамандарының 62-сі, орта медициналық мамандардың 132-сі еліміздің алдыңғы қатарлы медициналық оқу орындары мен орталықтарында, атап айтқанда, Алматы медицина дәрігерлерінің білімін жетілдіру институтында, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, М.Айқымбаев атындағы ҚКжЗЖҒО-да, ҚР ДСМ МСЭҚК-нің СЭСжМҒП орталығында және Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясында білімін жетілдірді, мемлекеттік қызметшілерді дайындау орталығында 162 маман біліктілігін арттырды.
Аталмыш мақаласында Елбасының: «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау керек. Бұл — өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» — деуінде айрықша мән жатыр. Сондықтан өзінің біліктілігін көтеру жеке адамның ғана емес бүкіл ұжымның қоғам алдындағы абыройлы мәртебесі.

Г.Тұрсынбаева,
ҚР ДСМ МСЭҚК ОҚО бойынша
департаментінің бөлім бастығы.