Елі сүйген – Елбасы

Берікбай Михеев,  Шымкент қаласындағы № 83 жалпы орта мектебінің директоры.

Берікбай Михеев, Шымкент қаласындағы № 83 жалпы орта мектебінің директоры.

Тәуелсіздігіміздің әр жылы — ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер. Себебі, өткен кезеңнің әр жылында, әр күнінде еліміз үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қаншама шешімдер қабылданып, қаншама айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты. Бабалардан мұраға қалған жердің иесі, егеменді елдің ертеңі – жастар осы қол жеткізген табыстар мен жетістіктерімізді, әрине, тек мақтан тұтамыз. Біз, жастар, қазақстандықтардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буынын құраймыз. Және бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұландары – мына біздер жан-жақты білім алып, мамандық иесі атанып, жұмысқа орналасып, ғашық болып, отбасын құрып, болашаққа жоспарлар құрудамыз… Қазақ елінің және оның көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем алдындағы абыройының жоғары, беделінің асқақ, жүзінің жарқын, сөзінің өтімді, ойының ұтымды, пікірінің пайымды, айтқаны келетін де тұратын қасиетін әлем түгел танып отыр десе де болғандай.Қазіргі таңда және болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақсаттар бізді тек алға жетелеуде. Мұны халқымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының, қазақ арманының орындалғаны деп білемін. Сан ғасырлар аңсаған қазақ арманының шындыққа айналуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кепіл болды және мызғымас мемлекет қана емес, түбірімен жаңарған демократиялық қоғам құрды. Бүгінде әлемнің озық елдерінің үлгілеріне, тәжірибелеріне сүйене отырып, өзіндік жолын таба білген Қазақстан қоғамының қарыштап дамуының басты ерекшелігі де осында. Елбасымыздың айдай әлемге жасаған, және де бір өзінің ғана емес, барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір қадамы–бүгінгі Астананың салынуы дер едім. Дүние қайран бір бөліске түсіп, бодандықтың бұғауынан басымызды енді шығарып ала бастаған тұста, ес жиналып, етек жабылмай жатқан шақта астананы ауыстырмақ түгілі, мінген атыңнан ауып түсіп қалмауды ғана ойлар қилы да қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы астананы Арқадағы Ақмолаға көшіру жөніндегі ойына бүкіл ел шошына қарады. Сенбеді, сенгілері келмеді. Ал, енді Сарыарқа төсіндегі тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі астанасы – Астана қаласына қарайық та, көз салайық. Айтар сөзің жоқ! Таңдай қағып сүйсінесің. Жаңа Елордасын салған, салып та жатқан екінші бір ерлігін мойындап, соған бас иер едіңіз! Жиырма бірінші ғасырдағы қазақ елін және ата-бабаларымыз үшін ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізді бүгінгі Астанасыз көз алдыңызға елестетіп бір байқаңызшы! Аузыңыздың дәмі кірмес еді! Бұл Астана тәуелсіздігінің лүп-лүп соғып тұрған жүрегі емес пе?!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы бүгінгі Адамзат алдындағы және де жалпы өркениеттің болашағы жолындағы ұлы ерлігі болатын. Адамзатты және жер бетіндегі мыңдаған жылдар бойғы өркениетті жаппай қырып-жоятын ядролық қарудан бас тарту арқылы Назарбаев ядролық қарусыз әлем орнықтыруға да бастамашыл болған тұңғыш саясаткер екендігін қайта-қайта, тіпті , соны әлем назарына жиі-жиі салып отырған да абзал. Біздің Елбасымыздың адамзат алдындағы ұлы жауапкершілігі мен ұлы ерлігін тани білген американдық сенаторлар Назарбаевты Нобельдік сыйлыққа әбден лайықты деп санап отыр. Бұл–әбден орынды! Бұл Елбасының ұлы ерлігі дегім келеді.
Қазақ «Еңбек – ырыстың бұлағы, Еңбек – бақыттың шырағы», «Еңбек пен бақыт егіз» – дейді. Жастайынан еңбекке араласқан бала барлық нәрсенің қадір-қасиетін біліп, барды бағалауға үйренеді. Еңбектің бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Әрбір ата-ана баласының азамат болып өмірден өз орнын тапқанын қалайды. Осы тұрғыда айтайын дегенім Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көптің көңілінен шығып, жалпыхалықтық қолдау табуда. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – жастарды еңбекке баулу арқылы өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, мемлекетшіл тұлға ретінде қалыптастыру болып отыр. Елбасының қанша жыл өтсе де еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес деп атап көрсетуі ойға ой қосқандай болды. Ұлт көшбасшысы өзі атап өткендей «Бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында – алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс» деп бекер айтпаса керек. Еңбек мектебі әр азаматтың тұлғалық қалыптасуына, өмірден өз орнын табуына жолдама беретін үлкен өмірлік оқу орны екенін ерекше атап өткім келеді.
Елбасының назарындағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету. Бүгін біз әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы жұмысы екенін жақсы түсінеміз.Біз қуатты, тұрақты мемлекет Қазақстанда өмір сүрудеміз. Бүгін әрбір қазақстандықтың өмірі көш ілгері, әлеуметтік мәселелер шешімін тауып жатыр. Елбасы Н.Назарбаев нақты жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болатынын көрсетіп берді. Сонымен қатар мемлекет басшысы әрдайым жастардың тәрбиесіне де баса мән беріп келеді. Бүгінгі жетістіктерді еселей түсетін де, қоғамның дамуына серпін беретін де жастар. Нұрсұлтан Әбішұлы елдік, мемлекеттік мәселеге жастарды тартудың үлгісін көрсетіп, тағы да жастарға Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, «балам» дейтін жұрты бар екенін үнемі көрсетіп келеді. Әрине бұл – ел Тәуелсіздігінің баянды болуының алғышарты деп қарастырғанымыз дұрыс болмақ.
«Қазақстан білім қоғамы жолында» деген тақырыппен өткен интерактивті дәрісінде Елбасы өзінің сөзінде педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелеріне де тоқталып, Үкіметке тапсырма берді. Өте қуанарлық жағдай. Сондықтан мемлекет тарапынан ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар еселене берсе екен деймін. Жақсы ұстаздың еңбегі, тағылымы мен ғибраты мол өмір жолы қандай да бір жоғары марапатқа лайық айтылған. Тағылымы мол, мазмұны бай, берері көп, шын мәнінде педагогикалық талаптар артығымен сақталған бұл сабақты Ұлтымыздың көшбасшысы, даналығы мен даралығын, білімі мен іскерлігін, ақыл-ойы мен парасатын әлем таныған нағыз Ұстаз өткізді. «Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінде әлем Қазақстанды жаһандық қауіпсіздіктің табанды жақтаушысы ретінде мойындады. Мен әлемдік бейбітшіліктің ұйытқысы болған Қазақстанның болашақтың ғылымына жол ашарына сенемін,»- деді Елбасы «Назарбаев Университетінде» сөйлеген сөзінде. Әрине жастардың ең үлкен қамқоршысы да, нағыз ұстазы да Қазақстан Республикасының Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жастар мәселесі қашанда ел Президентінің назарында. Жастарды не толғантады, не қызықтырады? Олардың ұлттық санасы, ұлттық рухы, ұлттық намысы қай деңгейде? сынды сан түрлі сауалдарға жауап алу үшін әрдайым Елбасымыз жастардың тыныс-тіршілігін жіті бақылай отырып, Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісу мақсатында үзбей лекция оқуды дәстүрге айналдыру, халықаралық талаптарға сай маман даярлайтын, дүние жүзінің ең жоғары рейтингіде жүрген жоғары оқу орындарымен иық тірестіре алатын инновациялық университет ашу, Оның дәлелі — «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» елімізде бой көтеруі. Сонау тоқсаныншы жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмысындағы ауыртпашылыққа қарамастан,
«Болашақ» бағдарламасын түзу бұрын-соңды болмаған мектеп құрылысын кеңейту осының айғағы іспетті. Бұл тұстағы басты мақсат: сапалы білім – болашаққа салынатын инвестиция ретінде қарауымыз керек.
Е л б а с ы м ы з д ы ң н е г і з г і мақсаты – ел бірлігін сақтау, өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып болашақ та егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын келешегін қамтамасыз ету. Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президентіміз бүгін біздің мақтанышымыз, əрі тірегіміз. Біз Елбасымен біргеміз, Елбасының саясатын толығымен қолдап, болашақта қазақ елін талай асулардан асырып, бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Өздеріңізге мәлім ағымдағы жылдың 1 желтоқсанын да Қазақ күнтізбесі жаңа мемлекеттік мереке мен толықты — Қазақстан Республдикасы Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Елбасының халықтың əлеуметтік игілігіне бағытталған мемлекет құру жолындағы күш-жігерін ескере отырып дәл осындай жоғары дәрежелі құрметке лайық тұлға екеніне ешкімнің дауы бола қоймас деп білемін.
Ұлы бірлік — отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті мәйегі. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі — «казақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн. Жастарды отансүйгіштікке баулитын ең даңғыл жолдың бірі — ұлттық спортымыз. Жалпы спорт адамдарды ұлт пен нәсіліне бөлмей, тек дене шымырлығына ғана емес бірлікке, ұйымшылдыққа, ортақ мүдделілікке де баулиды. Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Отансүйгіштік рух — қазақ елінің әлемдік өркениет кешіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Елдікті, ұлттық намысты бәрінен жоғары қою — отансүйгіштіктің ең басты белгісі деп қарастырған жөн деп ойлаймын. Өз елін шексіз сүйетін азаматтардың бірі ретінде орайы келген де мақтанышпен айтқым келеді Елбасы айрықша назар аударып отырған мемлекеттік рәміздер мен заңға құрмет көрсету бүкіл бүгінгі өркениетті қоғамдардың өмір салтына айналған дәстүр. Ол ел бірлігі мен демократиялық үрдістерге адалдық антындай қастерленеді. Президент Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры да осында жатыр. «Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек» деп жазады Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде. Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай мәрте дәлелдеп келеді. Кейде шіркін, осынау бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Өз сауалымызға өзіміз жауап тауып: «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» деп мақтанамыз. Дұрыс-ақ, ешбір қатесі жоқ. Тегеурінді күштің тетігі жүрек қуатынан нәр алғанда ғана қозғалысқа келмек.
Өз ойымды қорытындылай келе «Ханның жақсы болмағы ~ қарашаның елдігі» деп өз заманында Бұқар жырау жырласа, «Ханын сыйламаған ел азады» — дейді халық мәтелі. Н.Ә.Назарбаев Елбасы ретінде ел тірегіне айналды. Біз Ұлт Көшбасшысының әрбір бастамасына үнемі қолдау көрсететін болсақ, еліміздің келешегі бұдан да жарқын боларына мен кәміл сенемін.