Жазып едік, жауап келді

279
0

Уаыт газетінің 21.02.2013д. №7 санындағы «Шымкенттің жабайы базарының жағдайын  ойлайтын жан бар ма?» атты мақала бойынша:
Мал базарының меншік иесі жеке кәсіпкер ДюСандыбаев, мал базарын жаңырту мақсатында ІІ деңгейлі банк арқылы 15 млн. теңге көлемінде қаржы несие алып, дизенфекция орны және зертхана құрылысын бастады. «Мал базары» аумағында жалпы көлемі 4,7 га аймаққа толығымен асфальт төселіп, көктемгі әрлеу, тазалау жұмыстары және базар аумағына ветеринарлық зертхана, залалсыздандыру және рұқсаттама бекеттері салынып, жаңадан қоғамдық тамақтандыру асханасы іске қосылды.
Сонымен қатар, малдарды азықтандырып, сатылуға қалдыратын баспана құрылысы, мал союға дайындайтын алаң және мал соятын цех құрылысы және базар аумағын жаңадан қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері тазалық және злалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Жалпы, базар базасын жаңғыту жұмыстарын 2013-2015жж. жүргізу жоспарланған.

Г.ҚҰРМАНБЕКОВА, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.