Бірде күйіп, бірде енді тоңамын…

285
0

Астана қаласының тұрғыны Серік Балта қасиетті Қазығұрт өңірінің тумасы, өнегелі отбасынан шыққан абзал азамат. Тағдыр салған сынақты бастан өткеріп, төсек тартып жатып қалған шақта да, ауру меңдеген дертті өмірге  деген құштарлығының, қайсарлығының арқасында жеңген жан. Кейінгі кезде жырға құмар көңілінің арқасында қолына қалам ұстаған Серіктің сырға толы дәптерінен бірер шумақтарын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Аллаһтын сыйы!
Өмір деген – әрі сый, әрі сынақ,
Әрбір күннің ататын таңы  жұмбақ.
Өмірді сүймей, болмайды өзіңді сүймей,
Адамзатқа   фәнидің – бәрі сұрақ.

Жарық дүние — бір-ақ рет жанған шырақ,
Өткен жолың өзіңше салған құрақ.
Сүрсеңде құштарлықпен бұл өмірді,
Пенде үшін таусылмас арман, бірақ.

Қарсы тұрар кез болар борасынға,
Бірде күйіп,  бірде енді тоңасың да.
Аллаһтың берген сыйы — өмір ғой,
Бүгін пенде,ертең топырақ боласың да…
26. 11. 2012 ж. Астана

Ей, Адамдар!
О, Адамдар, адамдар!
Бәріңнің де Анаң бар.
Ана -бақыт, Ана — өмір,
Перзенті үшін алаңдар.
О, Адамдар, адамдар!
Аққуға оқ атпаңдар.
Ана тілің – киелі,
Ешбір тілге сатпаңдар.
Қазақ деген далаң бар,
Адам деген санаң бар.
Аманатқа адал бол,
О, Адамдар, адамдар!

Бәріңнің де  Анаң бар,
Ана сөзіне бас иіп.
Адам болуға жараңдар,
Ей, Адамдар, Адамдар!
02.03.2013ж. Астана

Сәлемімді қабылда
Наурызда төксе нөсер,
Жер бетінде көк те өсер.
Гүл көктемді сағындым мен,
Жүрегімді тербеп өтер.

Қазығұртым киелімсің,
Әр жотаңды сүйемін шын.
Бабалардың рухын биік,
Көтеретін киең үшін!

Сырға толы шат көңілді,
Жырға толы дәптерімді.
Оңтүстікке сәлем жолдап,
Ұшырамын кептерімді.

Мұнарлы шақ өзгерді ме,
Жан көктемім тез келді ме?
Жыр балапан тәй — тәй басып,
Тұсаукесер кез келді ме?

Қазығұртым әлемімді,
Көктемімсің дара күнді.
Қабылдашы қазына қарт,
Астанадан сәлемімді!
04.03.2013ж.
Досың қымбат өмірде
Қайта келмес өмірде,
Шын іздеген – дос табар.
Қадірін сезбес жалғанның,
Көңілі соқыр бос болар.

Дос етіп ал – дұшпанды,
Досты дұшпан етпегін.
Ниеті адал жандарды,
Ұмытып сен кетпегін.
Жақсыларды аялап,
Құрметтегін,көктегін!

Жақсы досың өмірде,
Кеудеңдегі – жүрегің.
Жүректегі  шырақтай,
Мәнгі сенім тірегің!

Адал досың қашанда,
Шуақ сыйлар көңілге.
Дос қадірін біле біл,
Досың қымбат өмірде!

Көңіл қымбат деген бар,
Ол шуақты от болар.
Кір қондырсаң сенімге,
Дос көңілде оқ қалар.
Уақыт өте шоқ болар,
Отың сөніп жоқ болар.
Кім сенімен дос болар?
Доссыз өмір бос болар.

Көріп қалса алтынды,
Ұмытатын дос та бар.
Шын дос барда өмірде,
Көңілің де хош болар!
21. 08. 2012 жыл

Уақыт босқа өтпесін

Аллаһ жәрдем берген соң,
Пенде жолға шығады.
Талайларды көрген соң,
Өмір сырын ұғады.

Кездестірген кезеңде,
Жақсы менен жаманды.
Әр сәтінен сабақ ал,
Қуандыршы адамды!

Биіктікке жеттім деп,
Өзгелерді  құлатпа.
Пенде болсаң,кіші бол!
Жаксыларды жылатпа.

Адамдардан безбегін,
Жауап ізде сұраққа.
Ізгіліктің жолында,
Мәңгілікке тұрақта!

Өзіңді ізде жоғалтпа,
Адамдығың көпке-сын.
Өміріңді бағала,
Уақыт босқа өтпесін!
21. 08. 2012 жыл

Бата
О, Жаратушы Ием, Аллаһ Тағала!
Өзіңнің пендең — Адамзатқа:
Биік сана, азбайтын ақыл бер,
Бауырмал, мейірімді жақын бер,
Денсаулық бер,шабыт бер,
Береке бер, бақыт бер!
Ақылмен табылатын алтын бер,
Адал ұл бер,ата-анам,халқым дер!
Ар-ұят бер,сабыр менен нысап бер,
Шынайы дос бер, ажырамас құшақ бер,
Өлмес үміт,серпінді сенім бер,
Ұзақ та,мағыналы өмір бер!
Е, Алла осы тілегімді қабыл ет
Барша көңілдерді жарық ет!
Әмин!
23.12.2012ж. Астана

Сыйластықпен өтейік
Жаратушы, бір Аллаһқа,
Шүкіршілік етейік.
Адам етіп жаратқан соң,
Адамдыққа жетейік!
Өнегелі ізгілікпен,
Адал өмір сүрейік.
Адам күні адаммен ғой,
Адам іздеп жүрейік.
Бұл уақытша жалғанда,
Қадірімізді білейік.
Ар-ұятты ұмытпай,
Жақсылықты тілейік.
Ұрпақтарға ғибрат беріп,
Армандарға жетейік.
Бұл жалғаннан ағайын,
Тек сыйластықпен өтейік!
08. 10. 2011ж. Шымкент.