Медиацияның артықшылығы мен маңызы

281
0

медиятоларҚазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырудын қажеттілігін атап айтқан. Бұл мәселе бұрынан да қолданысқа енгізілуі «құқықтық саяси тұжырымдамада» белгіленіп өткен болатын. Сол мақсаттарға жету үшін бірнеше қадамдар жасалып, елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды.  


Аталған заң даудың бітімгершілік жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қылмыстық құқықтағы жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың кешірімге келуіне, қылмыстық құқықты ізгілендіруге ерекше үлес қосары сөзсіз. Медиация (латынның medius dеuty сөзі-екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) бұл, дау жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі, Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің “кемелденген түрімен” салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім. Біздің тарихымызда да даулардың мәмілеге келіп шешілуі жат емес,ата- бабаларымыз айтқандай, «келісіп пішкен тоң келте болмас» дегендей медиация алдағы уақыттарда жақсы бағдарламаларға жетелейтіні анық.  Медиацияның ең негізгі артықшылықтарының бірі, оның іс жүргізілу рәсімінің құпиялылығы болып табылады, яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады. Сонымен қатар, құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған ақпараттар, іс жүргізілу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады. Міне, осындай Коституциялық принциптері арқылы азаматтардың да құқықтары қорғалу және дауларды шешу мәселелерінің оңтайландыру үрдістері қарастырылған. Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш-жігерін салу болып табылады. Жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуі,олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде,жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сыртқа шығарылып, айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады. Алдағы уақыттарда медиаторлардың қызметі тек облыс орталықтарында емес, аудандарда да ашылып, халық арасында кеңінен пайдаланып, жүгінсе ғана өз жемісін берері анық.Әңгіменің түйініне келе отырып, біздің елде медиация сияқты,келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады.

Абдулла САПАШОВ,
Шымкент қаласы,
Әл-Фараби аудандық сотының судьясы.