«Жезөкшелер» ластап жүр ауамызды

200
1

Q6_sXj6H3A0Ересек кісілердің естерінде болар, бұдан жиырма жыл бұрын кассалық фильмге айналған «Кішкентай Вера» кинокартинасы қоғамымызда бұрын-соңды мүлде болып көрмеген  дүрбелең тудырып, сан алуан қарама-қайшы пікірлердің өрттей өршуіне себепкер болған. Неге десеңіз, бұл кинотуынды «жабық тақырып» болып келген әлеуметтік шындықты әйгілеп, кеңестік жүйенің «жарқын Коммунизмге бет түзеген» идеологиясының бет-пердесін аймандай етіп ашып берген. Өмірдің айна-қатесіз көшірмесі іспетті фильмге қарапайым отбасында тәрбиеленген Вера есімді бойжеткеннің таршылық салдарынан теріс жолға түсуі арқау болған. Кинокартинаны жасаушылар осылайша бір ғана кейіпкердің басындағы шытырманға бергісіз шырғалаң жайды көлгірсуге салынбай көрсетуі арқылы бүкіл қоғамның болмыс-бейнесін сомдап шыққан. Иә, шындығында да  сол кездегі өмір шындығы нақ кинокартинадағыдай.

Ал, енді мына мысалды да алға тарта кетелік. Мұнан бірер жыл бұрын облыстық драма театрда «Түнгі көбелек» пьессасы қойылған. Сірә, сенбессіздер, пьесса прьемерасын көруге ынтыққандарда есеп болмады. Спектакль билетін табудың өзі мұңға айналды. Ойынның көрермен тарапынан мұншама қызығушылық тудыруының сыры, онда өздері өмір сүріп отырған қоғамның шынайы шындығы суреттелген. Сөзіміз сүйекті болуы үшін қоғамымызда орын алып отырған, осынау азғындыққа сіз бен біз іспетті оның ізгі ниетті мүшелерінің кіршіксіз көзқарасын таныта  түсер осы бір өзіміз тілге тиек етіп отырған көрініс, жезөкшеліктейін кеспірі келіспеген келеңсіздіктің күннен-күнге белең алып  бара жатқаны  алаңдатады деп білеміз.Енді осы тұста ұлттық үрдісімізге жат, салт-санамызға «үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын» осы бір тұрпайы теріс құбылыстың шығу тарихына тоқтала кетелік. «Жезөкшелік»  есте жоқ ескі заманалардан бері жалғасып келе жатқан көне кәсіп болып саналады. Ерте дүниедегі өркениетті елдердің өзінде  бұл іспен шұғылданатындар аз болмаған.
Мәселен, көне Грекияда мифтік құдай Афродита кәнизак ретінде қабылданған. Осы себептен Пафоста және оған  арналған өзге храмдарда қасиетті деп қастерленген «жезөкшелер» топ болып өмір сүрген. Ал, Бабылда сүйіспеншілік сезіміне дем берушілер айрықша құрметке ие болған. Сондай-ақ, олар өмірінің бір кезінде Афродита храмына барып ақша төлеген, жат жерлікпен қарым-қатынасқа түсуі тиіс саналған. Ең алғаш рет б.з.д 640-559 жылдар шамасында афиналық заң шығарушы Солон «жезөкшелерге» салық төлеуді міндеттеген. Оның кезінде дектериондардың  қатары көбейіп, ол ғимараттардың босағасында  бойжеткендер клиенттерді арбау үшін киімсіз күйде тұратын болған. Сол дәуірде жеңіл  жүріске салынушылардың ең құрметтілері болып гетерлер саналған (қымбатқұрбылар). Олардың кейбірі асқан ақылымен, айрықша сұлулығымен, ерекшеленген. Гетера әрі «көпшілік үйінің» иесі Аспасия Периклдің әйелі атанып, оның үйін Афинаның сол кездегі интеллектуалдық орталығына айналдырған. 1589 жылы орыстың заң қызметкері жеңіл  жүріске салынған жанды ақтап алып, оның арының аяққа тапталғаны үшін ақы төлеттірген. «Жезөкшелікке» тиым салу патша Алексей Михайлович (1649ж) пен Анна Иоаннованың (1728ж) тұсында күрт белең алған. Ал, Еуропаның «Адал куртизанкалары» бір немесе бірнеше бақуатты жандардың қамқорлығында болған. Кейбір куртизанкалардың ата-тектері атақты да болып келген. Тіпті олардың күйеулері де болған. Алайда, күйеулерінің  тегі клиенттеріне қарағанда өте төмен. Енді жапон ғұрпындағы гейшалардың алар орнын әңгіме етелік. Гейшалар- жеңіл жүрістілерге жатпайды. Мұны олардың киімдеріне қарап та білуге болады. Жеңілтектікке салынған жанның кимоносы қарапайым жіппен алдынан байланатын. Бұл оның күніне бірнеше рет шешуіне ыңғайлы болмақ. Ал, гейшаның беліне байлаған жібі мықты болуымен бірге, артынан байланады. Оны ағыту да, байлауда да, өзге кісінің көмегінсіз мүмкін де емес.
Гэйся — жапонша «өнер адамы» деген мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс мұсылман елдеріне де жат емес көрінеді (негізінен шииттерге қатысты). Ол уақытша неке деп қабылданады. Оны «махр» деп те атайды, яғни «той тартуы» деген сөз. Рим империясы дәуірінде бұл кәсіппен айналысқысы  келген әйел магистратқа келіп мәлім етуі тиіс болған. Осыдан кейін ол тізімге тіркеліп «licentia stupri» алатын болған. Империя билік құрған тұста бұл әдепсіздіктің белең алып кеткені соншалықты, әлгіндей құжатты сенаторлардың қыздары да сұрай бастаған. Бұл жайт император Тиберийдің шамына тиіп, ақсүйектердің қыздарына бұл іспен айналысуға айрықша тиым салған. Бүгінге жеткен аңызға қарағанда император Клавдий Мессалинидің әйелі түнде «жұмыс істеуге» ынтық болыпты. Ол Лизиски деген лақап атты иеленген көрінеді. Қысқаша  қайырғанда осындай тарихы бар теріс  көрініс, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропадан  Ресейге, одан ХХ ғасырдың 60-шы жылдары біздің елімізге көшіпті. Бұл көрбілте келеңсіздік сол тұстардағы көркем әдебиетімізде де кеңінен әшкереленген. Енді қоғамымыздың бүгінгі келбетіне көлеңкесін түсіріп отырған осынау жәйтқа кеңірек тоқтала кетелік. Өткен жылы  Ақтөбеде мектеп оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қала тұрғыны мен оның үш сыбайласы қолға түскен. 33 жастағы күдікті әйелдің үстінен полицияға 14 ата-ана шағым түсірген. Ақтөбеде оқушы қыздардың жезөкшелікпен айналысатыны туралы ақпаратты полиция да растап отыр. Бірақ «жаппай жезөкшелік, яғни 5 мың  оқушының тән саудасына салынғандығы туралы ақпарат жалған» — дейді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев. Мұның алдында жергілікті басылымдардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінен зардап шеккен оқушы қыздардың саны- 5 мың деген ақпарат таратқан еді. Полицияның хабарлауынша, Шолпан есімді жергілікті тұрғын үш ай ішінде 16 мен 20 жас аралығындағы қыздарға «жеңгетай» болыпты.Күдікті әйел мамырдың 17-сі күні «пәктігінен айырылмаған» (тергеу ісінде осылай жазылған) жас қызды 30 мың теңгеге саудалап тұрған жерінен қолға түскен. Ақтөбедегі орта білім беретін мектептердің бірінің 9- сыныбын тәмамдаған Ирина –қылмыстық топ құрбандарының бірі. Шөбересінің басындағы жағдайды ақтөбелік зейнеткер Мария Иванова егіле отырып әңгімелейді. Ол Иринаның тән саудасымен айналысатынын қызы, яғни Иринаның апасы Натальядан естіп білген.
— Төбемнен жай түскендей болды. Мен мәселенің мән-жайына аса қанық емеспін, маған жүрегім ауыратындықтан бұлар көп нәрсені айтпайды, —  дейді әжей. Мария Иванованың сөзіне қарағанда, Ираны он шақты тәуліктен бері ата-анасы жіті қадағалауға кіріскен. Соңғы қоңырау салтанатына да анасы апарған. «Азаттық» радиосының тілшісі Иринамен және оның анасы Ольгамен тілдеспекші болыпты. Бірақ олар телефон тұтқасын көтермеген. Мария Иванова тілшіге шөбересін уайымдап, қатты күйзеліп жүргенін айтқан. Осынау жайт тіршілігіміздің көлеңкелі жағын көз алдымызға елестете түспек. Енді мына бір мысалды да айтпай кетуге амалымыз болмай отыр.Әкесі ерте қайтыс болып, інісі екеуін шешесі жетілдірген  П. орта мектепті бітірген соң, колледжге оқуға түскен. Күндердің күнінде оқу ақысын төлеуге мұшасы келмеуі себепті осы жолға амалсыздан түскен. Бүгіндері итшілеп  жүріп диплом да алыпты. Енді бірер айдан кейін бұл тірлікті мүлдем тастап, өз кәсібімді қолға алмақпын»,- дейді ол. Иә, «Түнгі көбелектер» арасында осындай да мұңлықтар жүр. Әріптесім Тоғайбай Нұрмұратұлы былай дейді: «Астанада демографиялық комитет құрылып, ол әрбір қыз-келіншектерді есепке алып, қаншасы тұрмысқа шықпаған, қаншасы байсыз бала  тапқан, қаншасы ажырасқан, қаншасы лесбиянка екенін анықтап отырмасақ, 2030 жылы Астананы Париждегідей «қызыл фонарлар» көшесі жайлайды. Вокзал маңына барып көріңізші, жап-жас қыздар аяғыңа оратылып, екі мың теңгеге, «өздерін сатып тұр. Астанадан басталған азғындық біртіндеп ауылдарға дейін тарайтын болады. Бұның арты жақсылыққа апармайды» Иә, орынды- алаңдаушылық. Ендеше, азғындық ауамызды ластай түспеуі  үшін оған кешеуілдетпей, тосқауыл қоялық.

Б. ҚОЖАМҚҰЛОВ.