Шаршы тақтада бақ сынауда

342
0

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында әйелдер арасында шахматтан республикалық  27- турнирдің ашылуы өтті. Дүбірлі бәсекеге  әр облыстан келген 22 спортшы қатысуда. Олардың қатарында халықаралық дәрежедегі гросмейстер Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нақбаева және Мадина Дәулетбаева да бар. Жүзден жүйрік шыққандар мамыр айының 8-ші жұлдызында анықталып, күзде Оңтүстік Кореяда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.