Дарынды өнертапқыштар

233
0
«Шымкент инновация» ЖШС 2012 жылы мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып, жұмыс жүргізуде. Компанияның негізгі қызметі индустриялы-инновациялық стратегияны іске асыру және облыс көлеміне шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

«Шымкент инновация» ЖШС екі блок бойынша жұмыс атқарады:
— Инновациялық блок
— Инвестициялық блок
Аталған серіктестік инновациялық блок бойынша өңірдегі білім беретін мекемелердің және новаторлардың инновациялық идеяларын қолдау мақсатында 2013 жылы 21 мамырда «Кәсіпкерлерді қолдау орталығының» мәжіліс залында, биылғы жылдың 13 сәуірінде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» облыстық білім басқармасы мен «Шымкент инновация» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткізілген инновациялық көрмесіне қытысып, үздік деп танылған жобалардың марапаттау рәсімін өткізді. Көрменің мақсаты- облыс жастарына инновациялық жобаларын іске асыру үшін қолдау көрсету, жас ғалымдарды, дарынды өнертапқыштарды анықтап, қолдау көрсету.
Көрмеге жалпы 53 жоба қатысқан оның 12-сі үздік деп танылды. Ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының, Мақтарал, Сарыағаш, Отырар, Төлеби, Созақ, Шардара аудандарындағы орта мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты. Үздік деп танылған 12 жоба «Бизнестік жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ұсынылған.

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.