Кентауда көп мәселелер шиеленісіп жатыр

315
0

3 (2)Аудан мен қала әкімдерінің біліктілігіне, білімділігіне сын болған биылғы «емтиханнан» сүрінбей өткен талай лауазым иелерінің бүгінде мұрындары «көкке көтеріліп», жан-жағына марғау мойын бұратын дәрежеге жетіп қалғанын аңғару көреген көздерге онша қиын емес. Көңілдің тоқтығы, уайымның жоқтығы олардың арқасын кеңге салғызып, кей жерлерде істің бұрынғы қарқыны уақыттың бүгінгі талабынан шыға алмай қалып жатқан жайы бар. Соның бірі – Кентау қаласы.

Кендауда Бақытбек Байсалов бұрынғы қақаған қыс «түбіне жеткен» Нұржігіттен кейін әкімдіктің орынтағына отырып, емтиханнан сүрінбей өткеннен кейін, арқа-басын кеңге салған басшылардың қатарын толықтырып отыр. Оған оншалықты дәлел іздеудің қажеті жоқ. Бүгінгі Кентау тәртіпсіздіктің, ұрлық-қарлықтың мекеніне айналып бара жатқан секілді. Қазір мұнда көлік ұрлау, үйге түсу, жанжалдасу деген жағымсыз мәселелер көбейіп барады. Әкімнің сан қуалаған көрсеткіштерге толы жұмысының негізі кері кеткен осындай жағымсыз әрекеттер барды кейде жоқ етіп жібереді. Кентау қазір сондай күйді бастан кешіруде. Жақында ғана жолымыз түскенде біз осы мәселелердің белең алып тұрғандығын елдің аузынан естідік. Біраз мәселелерді көз көрді, көңіл орта түсті. Сондықтан да өз тарапымыздан біршама журналистік зерттеулер жұмысын жүргізуді бастадық. Оның қорытындысы нақтылы дәлелдермен алдағы уақытта ел назарына ұсынылатын болады.

P.S. Өткен аптада біз Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұралы Қырғызәлиевпен хабарласып, Кентау қаласында ірі қылмыстық топтың құрықталғаны жөнінде өзіміз естіген тың жаңалықтың анық-қанығын толығымен білгіміз келген еді. Тергеу жұмысының әзірге құпиялылығына байланысты ол кісі бізге әзірше толыққанды мәлімет бере алмайтындығын, дегенмен кейінірек мәселені бізге жан-жақты хабарлайтындығын айтып, уәде берді. Біз бұл мәселені Кентауға байланысты жазылатын жаңа мақаламызда атап көрсетуді жоспарлап отырмыз. Н.Қырғызәлиев осы жаңа қызметке келгеннен бергі аз мерзім ішінде ірілі-уақты бірнеше ашылмай жүрген қылмыстар ашылып, елеулі істер атқарылды. Қылмыс әлеміндегі болып жатқан жағымсыз әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қоюға құмбыл болған полковникке біз жаңа жетістіктер тілегеніміз артық болмас деп ойлаймыз.