-Алло, байланыста БЕКНАЗАРОВ

320
0

618108_html_3f563f50-320x360Уһ, ақыры біз айлар бойы күткен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров бізге телефон шалғанда тура соғыстағы әкеміз тіріліп келгендей қуандық. Біраз нәрсені жазып тастап, жұртқа оның жауабын бере алмай, іштей қысылып-қымтырылып жүр едік.

Бірақ шіли жауапсызда қалмай, сонау Астананың төрінен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент бастығы К.Сейдғапбаров мырзадан ОҚО прокуроры И.Имановқа және «Уақыт» газетінің бас редакторы Т.Балтабаевқа Шымкент қалалық мәслихатының лауазымды тұлғалары және «Заңның орындалуын кім қадағалайды прокурорлар ма, әлде қаржы полициясы ма?» атты мақалада көрсетілген прокуратура қаржы полиция органдарының іс-әрекеттеріне қатысты арызы негізінен қарау үшін жолданған арызын қарау туралы нұсқау хат редакция келіп, онда газетте жарияланған мақалаларға құқықтық баға беріп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылған болатын. Сөйтіп отырғанда ғайыптан тайып, Н.Бекназаровтың өзінің Құдай айдап хабарласпасы бар ма?
Ол кісінің арнайы қоңырау шалғаны өзіне қатысты жазылған мақалаларға байланысты айтатын уәжді пікірлерінің бар екенін бізге хабарлап, оны жариялау жөнінде келісім жасау екен. Біз Н.Бекназаровтың бұл ұсынысын толығымен құптадық. Кезекті сессияны өткізіп алғаннан кейін хатшы мырза айтатындарын бізге жазбаша түрде, қолма қол жеткізетіндігіне уәде етті. Оның мәтіні мен мазмұны әзірге бізге беймәлім. Уәде орындалып, қолымызға қағаз тисе, біз оның үтірін де түртпей, сол күйінде жария ететіндігімізге сөз бердік. Амандық болса оны жақын күндері бірге оқып қалармыз.

«Уақыт»