О, Шымкент! бұл — біздің әсем қала!

201
0

ChimШымкент. Техас. Әйтеуір, жұмбағы  көп қала, адамдары да өзгешелеу, менталитеті де бөлектеу. Сондықтан болар өзге жақтың халқы шымкенттіктерді онша жақтыра бермейді. Шымкент десе шекелері тыржияды да қалады. Біріне салт-дәстүрі жақпайды, екіншісіне сөйлегендері ұнамайды, үшіншісі жүріс-тұрыстарын жаратпайды. Әйтеуір, басқа жақтағылар айтар болса шымкенттіктер туралы жаман сөз табады. Жұрт не десе, о десін, өзіміз Шымкентті жақсы көреміз! Өйткені, бұл – біздің қала!
«Шымкент — Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қала болуға тиіс». Бұл Елбасының Шымкентке келген сайын айтатын сөзі. Қазір Шымкент республикадағы үшінші мегаполиске айналу бағытында дамып жатыр.  Шымкентте бүгінгі салынып жатқан құрылыстар, атқарылып жатқан істер – қаланың ғана емес, сіз бен біздің тарихымыз. Шымкент – шырайлы қала! Жұрт не десе, о десін, өзіміз Шымкентті жақсы көреміз! Өйткені, бұл – біздің қала!