Бақытжан-жазушылардың жаңа бастығы

174
0

photo_58244

Он жылдам астам Қазақстан Жазушылар Одағының ОҚО филиалын басқарып келген марқұм Әбілда Аймақ өмірден озғалы оның қызмет орны ойсырап бос тұр еді. Оңтүстік өңірінің жазушыларына директор болатын біраз қаламгерлердің атын атап, сәуегейлік жасағандардың қатарында біздің «Уақыт» газеті де бар еді. Сол айтқанымыз дөп келіп филиалдың директорлығына алғыр ақын, қаламы қарымды Бақытжан Алдияр тағайындалды.

Алматыдан Шымкентке ат басын бұрған Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қабылдауында болып, облыстық филиалдың жұмысы жайлы келелі әнгіме қозғап, пікір алмасты, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалиннің арнайы бұйрығымен таныстырды.
Оңтүстіктегі жазушылардың жайбарақат күй кешкен өміріне Б Алдияр жаңа серпін алып келеді деген үміт жоқ емес. Ендеше, іске сәт!

«Уақыт»