Алқапта жүр Алмасбек

297
0

13516652_505025053040869_9148426664435089687_n
Бүгінде барлық аумақта егін орағы басталғаны белгілі. Ордабасылықтар да еңбегінің өнімін жинауға кірісті. Аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков егістіктерді аралап, шаруалармен кездесті.
Жауын шашынның көп түсуі біраз қолайсыздықтар туғызғанымен, шаруашылықтар гектарынан 20-25 центнерден бидай алатынына сенімді. Бөржар ауыл округіндегі «Ақнұр» өндірістік кооперативі өздеріне тиесілі 200 гектарда орақ жұмыстарын бастаған. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Талғат Жанысбаев та егістікке комбайн салып, жұмысын бітіруге таяған.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 14232 гектарға бидай егілген. Қазіргі таңда 1293 гектардан ақ егіс жиналып біткен. Қамбаға орта есеппен 164 центнер астық түскен.