«Сақалдылар» қолданған телефонды сатуға неліктен құмар?

257
0


Ұрланған немесе ақша керек болып сатылған ұялы телефондар. Бұларды сатумен көбіне «сақалдылар» айналысады екен. Олар бұл саудадан табар табысы қандай? Әлде өзге нәрсеге пайдалы болған соң осы іспен айналысып жүрме?

Бұл мәселе әлеуметтік желіде көтеріліп жатыр. Бұны естіген шымкенттік полицейлер «Гарант» дүкені алдында ұсталған телефондар сататын жерді тексере бастады. Рейдке Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның өзі шығып, әзірге түсіндіру жұмыстарымен шектелді. Дегенмен, қалада экстремизммен күрес қатаң жүргізіліп жатқанын жеткізді.
—Өздеріңізге белгілі, 18 шілдеде Алматыда 5 адамды атып өлтірген лаңкес Руслан Күлекбаев радикалды діни бағыттардың бірін ұстанады. Ол Шымкенттегі ескі аэровокзалда ұялы телефон сатумен айналысқан. Ол секілді саудагерлердің қолынан өтетін телефондарда әдетте экстремистік көзқарастағы теріс діни уағыздар айтылатын аудио және видеоматериалдар сақталады. Яғни, адамдардың миын улау осындай әдіс арқылы да жүргізіледі. Аталған уағыздарды тыңдаған немесе көрген адамдар радикалды ағымға еніп кетуі мүмкін, — дейді Данияр Мейірхан өзінің Facebook парақшасында.
Дастан АСҚАРҰЛЫ.