12 мың жас қатысты

342
0

 

2017 жылғы 25 наурыз күні Қошқар ата өзені бойында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Гүлдене бер туған ел!» экологиялық акциясы өтті.

040824863643

Акцияға 200-ге жуық жастар ұйымдарының басшылары, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, белсенді студенттер қатысты. Акция барысында 150 көшет отырғызылды.
Бұл акцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсат-жастардың экологиялық мәдениетін көтеру және туған өлкенің табиғатын қорғау болып табылады.
Жалпы бұл республикалық акциясы аясында 2016 жылы аудан, қалаларда «Гүлдене бер, Туған ел!» жастардың марафон эстафетасы аясында 15 сенбілік, 10 көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылып, оған 12 мыңға жуық жас қатысты.