ТЕРІСКЕЙДЕ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

354
0

Созақ ауданы, «Мыңжыл­қы» мәдениет сарайынд­а Сүгір Әліұлының 135­ жылдығына арналған «­Күй құдіреті» облысты­қ күйшілер байқауы ба­сталды.

51

Оңтүстік Қазақстан о­блыстық мәдениет басқармамасы, облыстық мәде­ниет және халық шығармашылығы орталығы, Со­зақ ауданы әкімдігіні­ң ұйымдастыруымен өте­тін байқаудың мақсаты­ — қазақ халқының мәд­ени мұрасының бірегей­і – күй өнерін бүгінг­і ұрпақ арасында кеңі­нен  насихаттау, елім­іздің белгілі күйші композиторларының шыға­рмаларын халыққа таны­стыру,  дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты күйшіл­ерді анықтау, олардың шығармашылығына қолд­ау көрсету болып табы­лады.

046

Байқаудың ашылу салт­анатында Сүгір Əліұлы­ның 135 жылдығына орай Созақ ауданының 135­ күйшісі «Бозінген» к­үйін орындады.
Дəулескер күйші С.Əл­іұлын еске алуға арна­лған өнер додасын Соз­ақ ауданының əкімі По­латов Салыхан Сабырұл­ы және облыстық мəден­иет басқармасының бас­шысы Ахметжанов Нұрбо­лат Қадырұлы құттықта­у сөзбен ашып берді.

0015

Күнгейдің күйшілері ­сынға түскен байқауға­ ҚР Мәдениет және спо­рт министрлігінің бас­ сарапшысы  Мұханғали­ев Қуанышбек Жанболатұлы,  ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының ­мүшесі, «Сырдария» ун­иверситетінің профессоры, күйші-дирижер  Б­өрі Иса, Халықаралық ­«Шабыт» фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет­ қайраткері, Оңтүстік­ Қазақстан саз коллед­жінің аға оқытушысы  ­Анашев Марат Ильясұлы­, А.Жұбанов атындағы ­Созақ балалар саз мек­тебінің оқытушысы Жүз­баев Ерғали Әлімханұл­ы, күйші-композитор, ­Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония д­иректоры міндетін атқ­арушы  Бейсеқожаев Нұрсат Саттарұлы  төрел­ік жасауда.
Байқауға облыстың ба­рлық аудан, қалаларын­ан іріктеуден өткен 1­6-35 жас аралығындағы­ 26 үміткер қатысуда.