БАБАТА ТАРИХИ ЕЛДІМЕКЕНІ…

153
0

Бабата – орта ғасырлардан сақталған қала жұрты. Созақ ауданы, Бабата ауылының маңында. Бабата –Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орында әулие бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін таратуында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айналдырған адам – Ысқақ баб. Ол кісіні халық «Баб ата» деп, кентті де соның есімімен атап кеткен. Бабата кенті ғылымда әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп отырады. Орыс ғалымдарынан алғаш назар аударған – Г.И. Спасский. Кеңес дәуірінде Бабата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан.1946 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан), 1948 жылы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. 1953-1954, 1957-1958 жылы экспедиция тұрақты қазба жұмыстарын жүргізген. Қазан төңкерісіне дейін осы маңдағы қыстақта Баб Ата медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін сақталған.

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

05