РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА БАСТАЙТЫН АКЦИЯ

174
0

Түркістан облысы білім басқармасының Облыстық жас туристер станциясы КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Өлкетану акциясы» барысында Түркістан облысының оқушылары Шымкент қаласынан Астана қаласы арқылы Қостанай облысы, Арқалық қаласына экскурсия жасады.
Ағымдағы жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Өлкетану акциясына» Шымкент қаласынан Астана қаласы арқылы Қостанай облысына экскурсияға, Түркістан облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің (директоры С.Омирбаева) үйірме топтарына қатысатын аз қамтылған және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларынан құралған 70 оқушы мен 6 жетекші және 1 медбике барып қайтты.
Қостанай облысының Арқалық қаласына ұйымдастырылған Өлкетану акциясының қатысушылары алдымен Астана қаласы бойынша бір күндік экскурсия жасады.
Арқалық қаласында Акция қатысушыларын қала әкімі бастаған топ күтіп алды. Қостанай өңірінің киелі, тарихи мәдени орындарына Құлымбет əулие, Əбдіхаппар хан, Жəуке батыр, Құтан əулие, Кейкі батыр кесенелері мен Екі дің ескерткішіне саяхат жасадық. Оқушылар Арқалық қаласында Астана қаласының 20 жылдығына арнап өткізілген шеруге қатысты. Арнайы ұйымдастырылған бағдарлама барысында өткізілген сайыстарда Түркістан облысының командасы жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оқушылар мен жетекшілерге Арқалық қаласының ұйымдастырушылары естелік сыйлықтарын табыстады.

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

04