ТӨЛЕБИДЕ СПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

387
0

Төлеби ауданында жергілікті тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмыстары ұдайы ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 29-30 тамыз күндері Төлеби ауданы Қаратөбе ауыл округіне қарасты Майбұлақ елді мекенінде Төлеби ауданының Құрметті азаматы, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», үш рет Созақ аудандық кеңесінің депутаты, ұлағатты ұстаз, іскер басшы, ұжымның ұйытқысы, халықтың құрметіне бөленген ел ақсақалы Бахадүр Мырзатаев пен оның аяулы жары Үрзада Сейдуалиеваны еске алуға арналған спорт түрлері бойынша облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа облыс және ауданымыздың аймақтарынан 30 –ға жуық құрама командалар қатысып, 450 -ге тарта спортшылар қамтылды. : Қазақ күресі, кіші футбол, волейбол, баскетбол, және қошқар көтеру спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жарыс нәтижесінде:
Кіші футболдан I — орынды Ленгер қаласының командасы, II – орынды Сарқырама ауылының командасы, III – орынды Екпінді ауылының командасы иеленді.
Волейбол жарысында: I – орынды Шымкент қаласы командасы, II – орынды Төлеби ауданы командасы , III-орынды Шымкент қаласының командасы иеленді.
Қошқар көтеру спортынан:Майбұлақ елді мекенің палуаны Елубай Акбар иеленді.
Қазақ күресінен : I – орынды Ленгерлік Ұзақбай Жасұлан, II – орынды Зертастық Орманов Нұрлан, III- орынды Ленгірлік Жорабеков Қанат иеленді.
Баскетбол жарысында : І- орынды Ленгер қалалық балалар мен жасөспрімідер спорт мектебі командасы, ІІ- орынды Төлеби аудандық балалар мен жасөспірімідер спорт мектебі командасы , ІІІ- орынды Шымкент қаласының № 86 мектеп командасы иеленді,
Аса тартысты өткен турнирде Мырзатаевтар әулеті есебінен қаржылай сыйлықтар мен тиісті дәрежедегі дипломдар және кубоктар тапсырылды. Жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады.
52