ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

210
0

Жерлестеріміз Ақтау қаласында өтетін халық ойындарына жолдама алды
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен ауданымызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесі үшін VI-шы Халық спорт ойындарының облыстық іріктеу жарыстары болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы сөз алып,салауатты өмір салтының ел болашағына маңызды рөл атқаратынын айта келе спортшыларға сәттілік тіледі.Келесі сөз кезегін алған Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Әбдіхалықов Шоқан Шырынханұлы облыстық іріктеу жарыстары спорттың 12 түрінен өтіп жатқанын соның ішінде армрестлинг, гір көтеру, жағажай волейболы Шардара ауданында өтетінін хабарлай келе, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған құрыш білекті палуандар қол күресінен 60, 70, 80, 90 , 100, +100 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. Қарсылас шақ келтірмеген Шардаралық палуандар барлық салмақта алтыннан алқа тақты. Жалпы командалық есепте Шардара ауданы I орынды, Мақтарал ауданы жүлделі II орынды алса, Арыс ауданы III орынды қанағат тұтты. Гір тасын көтеруден 63, 68, 73, 78, 85, 95, +95 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен палуандарымыз 3 алтын 4 күміс жүлдеге қол жеткізіп, командалық есепте алтыннан алқа тақты. Жалпы командалық есепте Шардара ауданы I орын, Созақ ауданы II орын, Мақтарал ауданы III орынды қанжығаларына байлады.
Тағыда айта кететін қуанышты хабар, Шымкент қаласында өткен Воркоут спортынан да жерлестеріміз тұғырлы 1 орыннан көрініп абыройымызды асқақтатты. Жерлестерімізді кезекті жеңістерімен құттықтай келе, алдағы Ақтау қаласында Қыркүйек айында өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесі үшін VI-шы Халық спорт ойындарында дәл осы жетістікті қайталауларына тілектеспіз.
«ShardaraArmsport-news»
77