ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР

166
0

Түркістан облысының Сайрам ауданында «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасуда. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Соның бірі, №47 жалпы орта мектебінде өткізілген «Ойлы болсаң, озып көр!» сайыс сабағы. Сайысқа Нуралиева Н. жетекшілік ететін 8 сынып оқушылары қатысты. Үш тілде жүргізілген шараның мақсаты — жасөспірімдерді отансүйгіштікке баулу, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпаққа үш тілді де жетік меңгеруге ынталандыру. Сайыс барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, қазақ мақалдары, логикалық сұрақтар, қазақ, орыс, ағылшын тілінде алған білік-дағдыларын сынға салды. Соңынан Тілдерді оқыту жəне дамыту орталығының директоры Н.Қантаева жеңімпаз топтарды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Мектеп директорының тəрбие жұмыстары бойынша орынбасары Марифханова Дана іс- шараға қатысып, оқушылардың білгірлігіне ризашылық танытып, орталық ұжымына алғысын білдірді.108