МАҚТААРАЛДА ҚАРТТАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

152
0

1-қазан – Қарттар күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданында асыл қазынамыз саналатын қарттарға құрмет көрсетілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Норбаевтың бастамасымен жалғызілікті және әлеуметтік жағдайы төмен 90 қарияға сый-сияпаттар ұйымдастырылып, азық-түліктер таратылды.
Биыл аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен қарттар күніне орай көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Соның бірі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Атакент өңірі бойынша жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Айсұлу Бекназарова мереке қарсаңында демеушілерді ұйымдастырып, қарияларға көмек көрсетті.
Атакент өңірінде мекен ететін жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтаған ұжым асыл қазыналарымызға көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі. Бөлім басшысы Б.Норбаев қайырымдылық акциясына демеушілік жасағаны үшін жеке кәсіпкер Қазыбек Алтынбековке және Атакент өңірінің басқа да кәсіпкерлеріне алғысын білдірді.
10