ШЫМКЕНТТІКТЕР АВТОБУСТЫҢ БАҒЫТЫН ҚАЛТА ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАЙДЫ

116
0

Шымкент қаласында автобустардың қай жерде келе жатқанын көрсететін ShymQala атты мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы uakit.kz қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мобильді қосымша қалаішілік №141, 147, 147А 148А, 148Б, 102ША, 109ША, 118ША және 26 бағыттарына пилоттық режимде енгізілген.
Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store қосымшалар дүкендерінен жүктеп ала алады.
ShymQala мобильді қосымшасын жүктеген соң телефоныңыздың экранына автобустар белгіленген карта шығады. Өзіңізге қажет болған бағыттың үстін түрту арқылы, автобус жолын ғана емес, қай жерде келе жатқанын да біле аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.
Android құрылғылары үшін бұл әзірге сынақ нұсқасы. Алдағы уақытта оның қызметі жаңартылып, пайдаланушыларға барынша ыңғайлы етіп жасалатын болады. Сондай-ақ, мобильді қосымшасы IOS (iPhone, iPad, Mac) жүйесі үшін де нұсқасы әзірленеді.

uakit.kz