ПАРА АЛУ КЕЗІНДЕ СУДЬЯ ҰСТАЛДЫ

190
0

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Онда «2019 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы мен ҚР Жоғарғы соты ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке 10 000 АҚШ долларын алу кезінде ұсталды», — делінген.
Қазіргі таңда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

uakit.kz