ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒНДАРҒА ЕСЕП БЕРЕДІ

117
0

Келесі аптаның бейсенбісінде, дәлірегі 2018 жылдың 14-ақпанында сағат 12:00-де Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Мұсаәліұлы Жұмаханбетовтың тұрғындарға есеп беру кездесуі болады, деп хабарлайды uakit.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Есеп беру жиыны Шымкенттегі орыс драма театрының ғимаратында өткізіледі. Осыған орай қала тұрғындарының департамент мамандарына бағытталған сұрақтарын қабылдау жүргізіледі. Сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер ақпан айының 4-13 күндері аралығында сағат 13:00-ге дейін 97-66-37, 97-65-27 телефондары арқылы қабылданады.

uakit.kz