Өзін-өзі өртеді

404
0

Маусымның 7-і күні ОҚО  Таскен ауылы тұсында бір жас жігіт өзін-өзі өртеген оқиға тіркелді. Анықталғандай, Жамбыл облысының  тумасы  Сайрам ауданы, Тассай ауылдық округінде тұратын әпкесінің үйінде уақытша  жүрген. Оқыс оқиға орын алатын күні өзінің бар құжатын жиып алып, көнелеу көлігіне мінген де, Таскен ауылы тұсындағы сайға барып, көлігімен қоса өзін де жағып жіберген.  Шұғыл жеткен құқық қорғаушылар мен төтенше жағдайдың қызметкерлері жігіттің әлі тірі екндігін, одан не үшін мұндай қадамға барғанын сұрағанда: «өмір сүргім келмейді» деген жауап естігендерін білдік. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмағанға ұқсайды. Аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Уақыт»-ақпарат