ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАУ ЖАҢА ТӘСІЛМЕН ЖАСАЛАТЫН БОЛАДЫ

192
0

Шымкентте жүрек жұмысының жеткіліксіздігі сырқатына шалдыққан науқастарға күрделі ота жасау алғаш рет жаңа тәсілмен жүргізілетін болады. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің инста-парақшасында  мәлімделеді.

Мұндай игі жұмыс Шымкент қалалық әкімдігі мен   Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ арасында түзілген екіжақты меморандум аясында жүзеге асырылады.
Бүгін дәл осы меморандум негізінде  қалалық кардиологиялық орталықта жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен алғашқы ота жасалады. Онда  жергілікті дәрігерлерге танымал кардиохирург Юрий Пя шебер-класс өткізеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жүрек қақпақшасына ота жасау бойынша жылына шамамен 3 мың науқас тіркеледі екен. Бұған дейін науқастар мұндай отаны Астана мен Алматы қаласында жасатып келген.

uakit.kz