ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ҚАУІП АУМАҒЫНА АЙНАЛМАУЫ ТИІС

148
0

Шымкенттегі құрылыс жұмыстарымен айналысатын компаниялар қызметкерлер алдындағы жауапкершілігін күшейткені абзал.  Себебі соңғы уақыттарда жұмысшылардың бейқамдығы, қауіпсіздік техникалық ережелерді біліп, ескермеуінің соңы өкінішті жағдайлардың орын алуына апаруда. Бұл ретте жұмыс беруші компаниялардың да кемшіліктері жоқ емес.

«BI Group» компаниясы ұйымдастырған семинарда Шымкент  қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев   осылай деді. Сонымен қатар ол: «Соңғы кездері құрылыс жүргізу барысында қауіпті құралдар, механизмдер, өте ауыр және өткір металл бұйымдарын пайдалану барысында тиісті талаптарды сақтамаудың соңы жұмысшылардң ең қауаіпті жарақаттарды алуына немесе мертігуге ұшыратуда» деді.

«BI Group компаниясының құрылыс алаңында өткізілген шараның басты мақсаты – өндірістік жарақаттану және кәсіптік дерттердің ауқымы мен салдары туралы жұмысшыларды ақпараттандыру арқылы келеңсіздікті алдын алу болып табылады.

Жыл басынан бері Шымкентте еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша 72 тексеру жүргізіліп, онда 67 заң бұзушылық анықталған.

uakit.kz