ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ АПАТЫН АЛДЫН АЛУ ҮШІН «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

212
0

Шымкентте ағымдағы жылдың 17-18 мамыр күндері «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі. Қатарынан екі күн өтетін шарада мегаполис сақшылары Мәделі қожа көшесі бойында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы  және Сайрам елді мекеніндегі Ибрагим-ата көшесі бойында орналасқан Өзбек драма театры ғимараттарының алдында тұрғындарға жолда жүру ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаментінің фейсбук парақшасындағы мәлімделген.

«Жолда қабылдау»  шарасының мақсаты  – азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, олардың жол қауіпсіздігі ережелеріне аса мән беруін жолға қою, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алуда азаматтар жауапкершілігінің маңызын түсіндіру болып табылады.

Бұл шарада Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика, Көші-қон қызметі, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау және Криминалдық полиция басқармасы, Тергеу басқармасының қызметкерлері қатысып, жүргізушілер мен жолаушылардың сауалдары мен өтініштеріне кәсіби жауаптар беретін болады.
Сонымен қатар, 30-10-30 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасайды.

uakit.kz