АҒАШ КЕСКЕНДЕР ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ АШУЫН ТУДЫРДЫ

173
0

Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын келеңсіз іс-ірекеттерге жол бергендердің барлығы қатаң жазаланатын болады.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инста-паракшасында А. Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен кезекті рет танысу кезінде көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған азаматтарға қарата осылай деп қадап айтты.

Өз жазбасында Ғ. Әбдірахымов А. Байтұрсынов көшесін қаладағы ең көрікті көшелердің біріне айналдыру басты мақсат екенін айта келе, «Алайда, кейбір жеке тұлғалар жеке бастарының мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда. Мысалы, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжінің басшылығы арендаға тапсырылатын футбол алаңшасы көрінбей қалғандықтан көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған. Бұл жағдай бойынша заң аясында қатаң іс-шара қолдануды тапсырдым» деген.
Іле желіде аталған оқу орнының басшысы А. Башеновтың ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылғаны жарияланды. Өз кезегінде А. Башенов стадион алдындағы ағаштарды кесу бойынша арнайы рұқсат алу керектігін білмегенін, енді оларға салынған барлық айыппұлдарды төлейтінін, және алдағы уақытта қырқылған әрбір талдың орнына он ағаш егетінін айтты.
uakit.kz