АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС «БӨГЕНГЕ» ҚАУІП КЕЛТІРМЕЙДІ

195
0

Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай аймағына келіп жетті, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламада «Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды
1.Ақдала бұрылысы
2. 41 разъезд
3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.
Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.
Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.
Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде. Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде» делінген.
Сонымен қатар онда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екені мәлімделген.
Естереңізге сала кетсек біз бұған дейін осы жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің басшылық құрамы оқиға орнына бет алғанын хабарлағанбыз.

uakit.kz