ТҮРКІСТАН КӨЛІК КӨП ҰРЛАНАТЫН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

178
0

Қазақстанда ең көп ұрланатын автокөлік маркалары анықталды. Еліміздің Статитика комитеті әдетте ұрылардың «Toyota», «ВАЗ» және «Mazda» маркалы автокөліктерді үптеп кетуі көп анықталатынын алға тартуда. Сонымен қатар, тиісті орган отыздыққа енуге бет алған біздің елде ай сайын 62 темір тұлпар ұрланатынын мәлімдеуде. Бұл туралы biznesbastau.kz жазады.

Мұндай фактілер еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласында жиі тіркелетін көрінеді. Бұл қалада бір айдың ішінде орташа есеппен 21 көлікті оңай олжа табуды көздегендер қолды еткен. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы орналасса, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы «үздік үштікті» түйіндеген.  Астындағы темір арғымағынан қапыда көз жазып қалатындар Қостанай мен Алматы облыстарында да жиі кездеседі екен.

Мамандар автокөліктердің ұрлануы бойынша ең қауіпсіз өңірлер тізімін де жасап, алдыңғы орынға Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарын шығарған.