АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТАҒЫ ҚАНДАЙ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ?

124
0

Қазіргі таңда Парламенттегі Мәжіліс портфелінде 61 заң жобасы бар.

Бұл туралы  бүгін парламент мәжілісінің 2020 жылдағы алғашқы пленарлық отырысында  спикер Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды uakit.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ол отырыста мәжілістің алдағы уақытта атқаратын міндеттерін де екшей кетті.

Спикер осы сессияның аяғына дейін ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін біраз маңызды заңды қабылдау қажеттігін мәлімдей келе, «бүгін біз бірқатар заң жобасын жұмысқа алып отырмыз. Соның ішінде Экология кодексінің жаңа редакциясы да бар»,-деді.  Және де ол алдағы уақытта Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілетінін, ал халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша біраз еңбектену керектігін жеткізді.

uakit.kz