ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРҒА ҚАНША ТЕҢГЕ БӨЛІНІП ОТЫР?

119
0

Еліміздің Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда коронавирусқа қарсы шараларға 3,5 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өз кезегінде ол коронавирусқа қарсы шаралар үшін қаржы  үкіметтік резервтен бөлінгенін айта келе, «Коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады»,-деді. Және де ол осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтынын жеткізді.

uakit.kz