Айгүл ОРЫНБЕК: «МҰХТАР ХАЛЫҚТЫ ЖӘЙ ҒАНА ПАЙДАЛАНАДЫ»

260
0

Бүгін белгілі заңгер Айгүл Орынбектің мұхит асып жүрген Мұхтар Әблязовтың бастамасымен өткізіліп жатқан митинг туралы төмендегі жазбасы желіде қызу талқыланып жатыр.

Өз кезегінде ол «Қолында ақшасы болғанда, ауылына бір тал екпеген адамның артына еріп, ақымақ емеспін! Ия шықтым алаңға дейін, не айтам? “Шал кетсін”- дейтіндей, шал менің жолымда, үйімде жатқан жоқ! Билікке халықтың атынан талап арыз, шағымдарымды жеткізіп жүрмін! Алаңға шығып сүйретіліп, шаршап одан полицияда отырып, уақытымды құртқанша, оданда шығымдарымды жазып, жоғарыға дабыл қағып жеткізгенім артық! Мемлекетпен күресу тек алаңға шығу емес!», дей кел, сөзін былай деп сабақтай түседі.

«Менің де айтып жүрген мәселелерім өміріме қауіп төндіреді! Ауыл аймақтағы халықтың жан айқайын жеткізгенім үшін ешкім менің басымнан сипап жатқан жоқ! Алаңға шықтым өз қазағымнан таяқ жедім, ары қарай не? Ашу, ыза, кек полицияны балағаттау, осы ғана ма? Алаңға шыққан полиция мені келіп ұстағысы келіп ұстайды дейсің бе, жоғарыдан бұйрық береді. Олар бұйрықты орындайды! Оларға өкпелеп қажеті жоқ. Жеп отырған нандары, төлеп отырған кредиттері. Құзырлы орган қызметкерлері жүйенің шірігенін өздері түсініп, халықтың алдында қаруларын қойып, халықтың жағына шыққан да ғана митингіге шығуға болады. Ал оған дейін айдаладағы қортық, алаяқ үшін шықпаймын! Халықтың жан айқайын жоғары жаққа, нақты талап ретінде қоя алатын адам шықпай, мынау әр жерден 20 адам шыққан митинг, митинг емес! Сол Мұхтар қазақ болса мақұл екен , Әбжіпар айтпақшы (қожа) ақсүйектер біз сияқты қараларды менсінбейді емес пе? Қаңғып келген бір арабтың ұрпағы, елден қайта қашып, айдаладан , қазақпен қазақтың арасына іріткі салып мәз болып отыр. Мұхтар халықты жәй ғана пайдаланады! Оған мысал өзіміздің Шымкенттен кеткен Ардақ Әшім апамыз. Бір отбасының тағдырын тас талқан қылды. Тек бір емес алаңға шыққан қаншама адамның отбасы күл талқан болды. Болашаққа мықты ұстанымы бар, халықпен бірге жүретін көшбасшының артынан ерер едім! Жалпы халықтың талап еткенін қолдаймын! Бірақ дәл қортық, алаяқ бастаған митингілерге қарсымын!»,-деген заңгер.

Бұл жазбаға төрт сағаттың ішінде 200-ге жуық желі қолданушылары пікір білдірген. Олардың көпшілігі жазбадағы ойларға қосылатынын жеткізген.

uakit.kz