ШЫМКЕНТ: БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ СҰРАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

168
0

Енді Шымкент қаласының тұрғындары денсаулыққа қатысты барлық мәселелер мен қосымша сұрақтарды 39-33-47  телефон нөмірі немесе 1406 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы жолдай алады.

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының тұрғындарға жолдаған хабарламасында мәлімделген.

Хабарламада «Үйде отырып, Сіз өзгелердің өмірін сақтайсыз. Гигиена талаптарын қатаң ұстаныңыз және адам көп жиналатын жерлерге мүлдем бармаңыз. Жақындарыңыздың денсаулығы сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселеңіз немесе қосымша сұрақтарыңыз болса 39-33-47 немесе 1406 нөмірі бойынша бірыңғай Call-center хабарласуға болады. Өз отбасыңызды қорғаңыз! COVID-19 індетін біз бірге жеңеміз! », — делінген.

Сонымен қатар сала мамандары тұрғындарды карантин режимін қатаң сақтауға және вирустың таралып кетпеуі үшін үйден шықпай отыруға шақырады.

uakit.kz