ТҮРКІСТАН: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

213
0

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1-сәуірінен бастап бірнеше коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Мақтаарал-Сервис» МКК сумен жабдықтау қызметінің тарифін — 1 текше метрге41,82 теңгеден 39,73 теңгеге дейін немесе 5 %-ға төмендетті. Ал «Теміржолсу Арыс» ЖШС су тарифін — 1 текше метрге 51,95 теңгеден 49,87 теңгеге дейін немесе 4 %-ға арзандатты. «Уранэнерго» ЖШС сумен жабдықтау қызметінің тарифін — 1 текше метрге 58,84 теңгеден 52,96 теңгеге дейін немесе 10 %-ға түсірді. Сондай-ақ, суды бұру қызметі тарифі — 1 текше метрге 30,29 теңгеден 27,26 теңгеге дейін немесе 10 % -ға төмендетілді. «Түркістан-Су» МКК барлық тұтынушылар үшін тарифтерін төмендеткен. Яғни, халықты сумен жабдықтау қызметінің тарифі- 1 текше метрге 51,09 теңгеден 48,19 теңгеге дейін немесе 5,7 %-ға түсірсе, бюджеттік мекемелерді сумен жабдықтау қызметінің тарифі — 1 текше метрге 147,55 теңгеден 139,19 теңгеге дейін немесе 5,7 % -ға арзандады. Сонымен қатар, «Энергопоток» ЖШС электрмен жабдықтау қызметінің тарифін — 1 кВт үшін 13,86 теңгеден 13,44 теңгеге дейін немесе 3 %-ға түсірді.

Еске сала кетсек, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер бойынша тарифтер бағасын төмендетуді тапсырған болатын.

uakit.kz