ТӨЛЕБИДЕ ЛАЙ КӨШКІНІ ЖҮРДІ

251
0

Саз массасы елді мекенге қарай жылжыған

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты лай көшкіні болды, деп хабарлайды uakit.kz «Ұлт ақпарат» тәуелсіз интернет басылымына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ТЖК-нің хабарламасында«13-сәуірде кешке Түркістан облысының Төлеби ауданы Жаңа жол елді мекенінен 500-600 метр жерде жауын-шашынның көп түсуінен көлемі 2000-2200 м3, ұзындығы 120 метр, ені 17 метр, орташа тереңдігі 1 метр болатын лай көшкіні жүрді. Саз массасы елді мекенге қарсы бетке қарай жылжыған. Зардап шеккендер мен елді мекендерге қауіп жоқ. «Қазселденқорғау» ММ ТЖК тәулік бойы мониторинг жасап жатыр», — делінген хабарламада. 

Су тасқыны және көшкін жүру қаупі жоғары кезде тұрғындарды хабардар ету және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

uakit.kz

Фото: «Ұлт ақпарат»