МАҚСҰТ ИСАХОВ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ІНДЕТТІ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ БОЛДЫ

234
0

Шымкентте қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18- сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы негізінде бүгіннен бастап қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтаған болатын.  Осыған орай желіде «қоғамдық көліктер тоқтаса, жұмыспен қалай барамыз. Үнемі таксиде жүруге қалта көтермейді» деген ұғымдағы пікірлер  көбейе түсті.

Бүгін Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде  қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мұндай шектеу шараларының не үшін қабылданғанын айтып берді.

Өз кезегінде ол: «Қазіргі таңда қалада қоғамдық көліктер жүріп жатқан жоқ. Себебі, онда адамдар көп шоғырланады. Бұл коронавирустың таралу қаупін тудыруы мүмкін. Өйткені ол жерде адамдар алшақтықты сақтай бермейді. Қоғамдық көліктерде COVID-19 вирусының жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қаланың бас санитарлиялық дәрігерінің қаулысымен автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды» ,-деді.

Еске сала кетсек, қалада қоғамдық көліктер тоқтағанымен арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Бірақ олардың 2 адамнан артық жолаушы алуына болмайды. Тіркелмеген таксилерге рұқсат жоқ.

uakit.kz

Фото: ашық дереккөз