ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ АЙЛЫҚ СӘБИ КОРОНАВИРУСТАН САУЫҒЫП, АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

220
0

Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 1775 адамға жетті. Ал Шымкент қаласы бойынша індетті жұқтырғандардың саны 83 адамды құрап отыр. Бүгін Шымкентте  COVID-19 вирусынан сауыққандардың 4-уі ауруханадан шығарылды.  Оның үшеуі бір отбасының адамдары болып табылады. Сондай-ақ, бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты.

Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Денсаулық жағдайы жақсарған азамат 20-сәуір күні үйіне шығарылды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 16 азамат коронавирустан жазылып,үйіне шығарылған. Ал еліміз бойынша коронавирустан сауыққандардың саны 447-ге жетті.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы