ТҮРКІСТАН: ІНДЕТТЕН АЙЫҚҚАНДАР САНЫ 52 АДАМҒА ЖЕТТІ

302
0

4- мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында 3 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандар саны 52-ге жетті.

Сарыағаш ауданының 1974 ж. 16 сәуірде Ресей Федерациясынан келген. 17 сәуір күні дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған.

Сондай-ақ 1994 ж. туған Сарыағаш ауданының азаматы да ауруханаға КВИ инфекциясының расталған жағдайымен 17- сәуір күні түскен. Ол 16 сәуір күні Павлодар-Сарыағаш бағытында жүк көлігімен келген.

Сайрам ауданы, Көлкент ауылының 1992 ж. тұрғыны да КВИ расталған жағдай диагнозымен 16 сәуір күні ауруханаға түскен. 2-мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижес көрсетіп, оның COVID-19 инфекциясынан жазылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 141 адамға жетті. Аурудан жалпы саны 52 адам емделді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.