САЯБАҚТЫҢ СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН

357
0

«Уақыт» газетінің жарық көргеніне небәрі бір жыл болса да, жұрт іздеп жүріп оқитын басылымға айналды. Тиісті жерінде билікке талап қоя білетін батылдығы ұнайды. Осы жәйтті ескеріп, бір қауым жұртты мазалаған мәселе айтпақпын. Ол «Металлургтер» саябағының бүгінгі мүшкіл халі. Бір кездері жекеге өтіп кеткен бұл саябақты Елбасымыз облысымызға келген сапарында тікелей өзі көріп, мемлекет меншігіне қайырғаны белгілі. Мемлекет меншігіне өткен саябақты жергілікті атқарушы билік күрделі жөндеуден өткізуге қомақты қаржы бөліп, жап-жақсы жемалыс орнына айналдырды. Ол үшін оларға ризамыз. Ал риза емесіміз келсек…

Шойын темірден құйылған биік те, әсем қоршаулар демалушыларға арналған келбеті орындықтар, түрлі-түрлі керамикалық плиталар төселген жолдар, түнде жарықты жарқыратып  беретін металл бағаналар, саябақ ортасында орын тепкен су бассейн, тағы да басқа жерлері қараусыз. Күндіз алаңдарды, тротуарларды сыпырушылардың үш-төртеуі жүреді. Гүлдерді өсіруге арналған  көкмайса аяқасты болып жатыр. Саябаққа келіп, бала-шағасымен демалушылар көп. Саябақта төрт қақпа бар. Оның үшеуінде биік темір қақпа орнатылған. Қастарында кіріп-шығатын адамдарға арналған кішкене есіктер бар. Саябақ иесіз болғандықтан, сол кіші темір есіктің біреуін әкетіп қалған, ұрлап кеткен, орны үңірейіп тұр. Ал, төріндегі қақпаға темір есік орнатылмаған.  Қақпа жоқ болған соң машиналарымен саябақтың ортасында жүргендер жетеді. «Әйдер әже, қой дер қожа» жоқ жағдай. Ең сорақысы: мотоциклменмен саябақтың ішінде «серуендеуші» серілер де жеткілікті. «Мынау не?» деп тоқтатсаң, «Ата, мотоцикл мұнда кіруге болмайды»  деген ескерту жазуды көрсетіңізші?» — деп қарсы уәж айтады. Шынымен де ондай ешқандай ескерту жзуларды іздесең де таба алмайсың. Ал есектей-есектей иттерін саябақта бос жіберіп серуендеп жүргендер де соны айтады. «Кім саябаққа ит әкелмесін деп ескертіпті» — дейді ғой баяғы. Ел болып «Жастарымызды нашақорлық  деген бәледен құтқарамыз» деп ұрандатып жатырмыз. Орынды. Біздің саябақта әр бұрышта нашақорлар отырады, ес-түстерін білмей. Құқық қорғау органдарының өкілдері саябақтың ішіне кірмей сыртынан топ-топ болып, қоршауылдап жүреді. Қолдарындағы аппараттарындағы музыканы бақырытып қойғандарды тоқтатып айтатын ешкім жоқ. Ең масқарасы: мемлекеттік, оларға  саябақ айдың жүзі болды тас қараңғы, жарық жоқ. Осы проблемалардың оң шешілуін көтерсеңіздер дұрыс болар еді.

Жайық МҰЗАППАРОВ,

Шымкент қаласы.