АРАЙЛЫ АСТАНА АЙШЫҚТАРЫ

206
1

Осыдан он бес жыл  бұрын Елбасымыздың ел астанасын Алматыдан Арқадағы шағын қала Ақмолаға көшiру жайлы жарлығы шыққанда құптағандар да, күдiкпен қарағандар да көп болды. Бiрақ уақыт өте келе күдiк келтiргендер өздерiнiң қателескендерiн мойындады. Жаңа астана елдiгiмiздiң айбыны болды. Иә, ол кезде Ақмола 200 мыңға жетер – жетпес қана халық тұратын, жатаған үйлерi басым, облыс орталығы дәрежесiндегi шағын қала болатын. Бiрақ бұл қаланың бай тарихы, тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрылығының нақ кiндiгiнде орналасқан географиялық және стратегиялық маңызы бар едi.

Арада көп те уақыт өткен жоқ. Ендi мiне, ұлан – ғайыр қазақ даласының қақ кiндiгi – Сарыарқа төсiнде, ерке Есiлдiң жағасында айбыны асқақтап Астана тұр. Көркiмен де, көлемiмен де, келбетiмен де төрткүл дүниенi мойындатты. Дүние жүзiлiк сәулет өнерiнiң озық үлгiлерiнiң қатарына кiретiн Бәйтерек, Ақорда, Бейбiтшiлiк және Келiсiм сарайы (Пирамида), «Думан» ойын – сауық орталығы, ашық аспан астындағы Этнографиялық мұражай, «Хан шатыры» мұның бәрi Қазақ елi үшiн, астаналықтар үшiн зор мәртебе, әрi мақтаныш. Астана қазiрдiң өзiнде елдiгiмiздiң айбыны, ертеңiмiздiң айбары екендiгi ақиқат. Үшiншi мыңжылдықтағы әлем ғажайыптарының бiрi де бiрегейi саналатын бұл қаланың болашағы баянды, келбетi кемелдi болмақ.

Айзат БЕКЖАНОВА,

ОҚО қылмыстық iстер

жөнiндегi мамандандырылған

ауданаралық соттың бас маманы.