«Уақытқа» келіңіз!
Құрметті оқырман, республикалық қоғамдық-саяси «Уақыт» газеті өзінің жарыққа шыққан күнінен бастап әділдікті ту етіп ұстанып келеді. Билік тарапынан немесе құқық қорғау органдарынан тауы шағылған қаншама жан «Уақыт» газетінің араласуы арқасында әділдікке қол жеткізіп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болып кетуден шет қалды. Қоғамдағы басқа да келеңсіздіктер жөнінде тиісті органдарға батыл талап қоя білетін газет алдағы кезде де өз ұстанымынан айнымай жылағанды жұбатып, сүрінгенді сүйеуге тырысады. Сондықтан да, егер сіз әділетсіз іс-әрекеттерге куә болсаңыз, зәбір көріп жүрсеңіз, мұң-зарыңызды кімге барып айтуды білмей қиналған болсаңыз, онда уақыт оздырмай «Уақыт» газетіне келіңіз. Әділетсіздікпен бірге күресіп, әділетке бірге жетуге ұмтылайық.
Мекен-жайымыз: ҚР, Шымкент қалаcы, Зеленая 266.
Байланыc телефон: 8 (7252) 27-22-06
Ұялы телефон: 8 775 733 04 28
Email: uakit@bk.ru