ЖҮЗДЕРIҢIЗДЕН ШУАҚ КЕТПЕСН!

363
0

Ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақ жерiнiң иесi қазақстандықтар бүгiн тәуелсiздiгiмiздiң нақты көрiнiсi болып табылатын, елiмiздiң мерекелерiнiң бiрi әрi бiрегейi — Конституция күнi мерекесiн тойлауда. Осыған орай Сiздерге шын жүректен дүниедегi барлық iзгi жақсылыкты тiлеймiн! Бүгiнде қазақ әлеуметiнiң әлеуеттiк ахуалы әлдеқайда артқанын аңғару қиын емес. Бұған Елбасы ұстанған сарабдал саясаттың нәтижесiнде қол жеткiзiп отырмыз. Өзге елдер қызыға әрi қызғана қарайтын Қазақстанның тәуелсiздiгi түғырлы болсын!

Лайым өзiнiң басты құжаты қабылданған күнiн тойлап отырған Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшi арта түссiн.Бұдан бөлек өз округiмдегi жас ұрпақ пен мұғалiмдер қауымын алдағы Бiлiм күнi мерекесiмен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында үлкен жетiстiктерге жете берiңiздер, қадiрлi ұстаздар!

Ермек ДӘРМЕНОВ,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Футболдан олимпиадалық резервтiң облыстық мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң директоры.