ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТІ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІН ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АТҚАРАТЫН БОЛДЫ

202
0

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына  Қазақстан Республикасы Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасаған соң, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды уақытша басқаратынын мәлімдеді.
«Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады. Қазір Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны Сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

uakit.kz