Қар барысы қайта келді

380
0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Талас Алатауының сілемдерінде соңғы елу жылда тұқымы құрып кеткен қар  барысы қайта пайда  болғанға ұқсайды. “Сайрам-Өгем” табиғи паркінде емін-еркін жүрген қар барысы біреу-жарым емес, бірнеше санды құрайды.
Аймақты өз қарауына алған “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорықшылары аң-құстарды қорғау шараларын күшейтуінің нәтижесі болар, ерекше қорғалатын бұл аймақта елімізде жойылып кеткен, “Қызыл кітапқа” енген аң-құстар қайта бой көрсете бастады. Қар барысынан бөлек, тау арқары, тау ешкісі, тау тышқаны секілді сирек кездесетін аңдардың қарасы артқаны қуантады.

“Уақыт”