Б.Нарымбетов кураторлық жасайтын сала неге сыннан көз ашпайтын болған?
«Уақыт» газетінің редакциясына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтен хат келді. Онда Бахадыр Нарымбетов өткен нөмірде жарық көрген сын мақалалардың кейбір жерлеріне келіспейтінін білдіріп, егер сол мақалаларды теріске шығармаған жағдайда сотқа беретінін мәлімдепті. Алайда, сот ешқайда да қашпайды, сондықтан Б.Нарымбетовтен төмендегі сұрақтарға БАҚ туралы заңның 18-20 баптарына сүйене отырып, жауап күтеміз.
«Макашеваны зейнетке жеткізбей желкелеу кім үшін керек болды немесе «туысым» келді деп, Б.Нарымбетов белден басады ма?»
«Уақыт» газетінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №25(076) санында жарық көрген «Макашеваны зейнетке жеткізбей желкелеу кім үшін керек болды немесе «туысым» келді деп, Б.Нарымбетов белден басады ма?» деген мақалаға байланысты төмендегіні хабарлаймын.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы бастығы Л.Макашеваны ешкім желкелеген жоқ. Л.Макашева өз еркімен, берген арызына сәйкес қызметінен босатылған.
Сондай-ақ, аталған мақала тақырыбында көрсетілген «….Б.Нарымбетов белден басады ма?» деген сұрағыңызға байланысты мен, қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов белден баспайтындығымды хабарлаймын. Өзіме жүктелген қызметтік міндеттерімді қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асыратындығымды мәлімдеймін.
Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Сізден мақалада берілген мағлұматтарыңызды негізсіз болуына байланысты, газет бетінде жоғарыда аталған мақала жарық көрген бетте, сондай көлемде «шрифтпен» теріске шығаруыңызды сұраймын.
Келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сай мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер таратып, жала жапқаныңыз үшін, сот орындарына жүгінетінімді хабардар етемін.
Сонымен қатар,мақалада көрсетілген «Айтпақшы, қызметінен босаған Л.Макашеваның орны бір күнде 50 000 АҚШ долларына дейін қымбаттап кетіпті деген жел сөз пайда болды» деген мағлұмат бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне (Қаржы полициясы) арнайы хат жолдағанын хабарлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпыхалықтық іске айналуы керек» деген сөзін басшылыққа алып, Сіз басқаратын редакция мұндай желсөздің қайдан шыққанын анықтауға және ол желсөздің туындауына себепші болған нақты фактілер бар болса, кінәлілердің жауапкершілікке тартылуына атсалысады деген сенімдемін.
Құрметпен, қала әкімінің орынбасары
Б.Нарымбетов.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке
Сіздің 12.07.2013 жылғы №5/23-2672 санды хатыңызға байланысты, газет бетіне жариялануы тиіс мақалаларды толықтыру мақсатында, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18,20-баптарына сәйкес, төмендегі сұрақтарға жазбаша негізде жауап беруіңізді сұранамын:
1. Сіздің Шымкент қаласының әкімі Д.Сатыбалдымен қандай туыстық қарым-қатынасыңыз бар?
2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарған Л.Макашева не себепті, қандай кемшіліктермен қызметінен босады?
3. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі соңғы жылдары прокуратура, қаржы полициясы секілді құқық қорғау органдарының тексерісіне жиі ұшырайтын жағдай қалыптасқаны белгілі. 2011 жылы 18-мамырда Шымкент қаласы әкімдігінің №532 қаулысымен 53 штаттық бірліктен тұратын коммуналдық мекеме болып құрылып, 2011 жылдың 1-шілдесінен бастап «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын Шымкент қаласының аумағында іске асырып келе жатқан Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығында сыбайлас жемқорлық орын алып жатқаны жасырын емес. Оның бір дәлелі – кезінде Өзіңіздің көмекшіңіз болған Алмасбек Ғабдуллин осы орталықты басқарып отырып, жемқорлықпен айыпталды? Бұған алып-қосарыңыз бар ма?
4. Қолдағы мәліметтерге қарағанда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысында 2012 жылы аталған орталық жұмыспен қамтылған азаматтардың айлық-жалақысы ретінде 3239,4 мың теңгенің заңсыз жаратылғаны белгілі. Осы мекемеде жалған құжаттар қабылданып, қолданыстағы заңдылықтарға қайшы әрекеттер орын алған. Сонымен қатар, 2012 жылы «Жастар практикасына» қатысқан 409 жұмыс берушілерге жолданған 3427 жас түлектің ішінен 102 түлекке негізсіз 6 айдан асық қосымша 2 айға 1,8 млн теңге негізсіз төленген. Сіз осы саланың кураторы ретінде, орын алған заңсыздықтардан хабардарсыз ба?
5. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі соңғы жылдары қандай заңсыздықтарға жол берген?
6. Жалпы, сіз кураторлық ететін салалар басшыларының мемлекет саясатына кереғар әрекетке бара тұра, қызметтерінен «өз еркімен» босатылуы «модаға» айналып бара жатқан секілді? Олай дейтініміз, Өзіңіздің редакцияға жолдаған хаттарыңызда, Н.Смановтың да, Л.Макашеваның да қызметтерінен «өз еркімен» кеткенін мәлімдегенсіз. Әлде бұл «қол астындағылар сыбайлас жемқорлықпен айыпталатын болса, бірінші басшы қызметінен кетеді» дегеннің алдын алу ма?
7. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жыл сайын өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі туралы: соңғы 2011, 2012, 2013 жылдары осы іс-шараларға мемлекет тарапынан қанша қаражат бөлінді және оның орындалу нәтижесі қандай? Қанша маман жұмысқа орналастырылды?
8. Сіз кураторлық жасайтын салаларда мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабын асыра пайдалану фактілері неге жиі-жиі орын ала береді? Бұл сіздің тарапыңыздан қызметтегі бостықтың нәтижесін көрсетпей ме?
Бас редактор үшін Талғат БАЛТАБАЕВ.
«Шымкент! Бүгінің мынау, ертеңің қандай болмақ?!»
«Уақыт» газеттің 2013 жылғы 28 маусымдағы №23-24 (075) санында «Шымкент! Бүгінің мынау, ертеңің қандай болмақ?!» (авторы Мәулен Талғатұлы) атты мақала жарияланып, онда маған қатысты, яғни «әлгі жоғарыдағылар мен төбедегілердің қаладағы идеологиялық, саяси жұмыстарға көңілдерінің толмауы осы мақаланың кейіпкері Бахадыр мырзаға тікелей байланысты. Жұрттың құлағы елең, көзі алаң болатын, алып бара жатқан үлкен бір іс-шараның өтпегеніне де айлардың емес, жылдардың жүзі болыпты», «ұйықтап жүретін орынбасар», «Әлдекімдер алымсақтар мен берімсектерге тосқауыл қояйын, өзінің де талайлардың ортасына түскен «делдалық» қызметін қорқатын болуы керек», «10 миллионнан астам қаржының қай құрдымға кеткеніне сұрау салмай-ақ, Н.Смановтың «өз еркімен жұмыстан кетемін» деген өтінішіне шиырып қол қоя салды», «Арызына «айналайын абыроймен, аман кет» деп арқасынан қағып, қол қойып шығарып салады. Бұл Нарымбетовтың мемлекетке, оның қаржысына, немесе оның талан-таражға салған Смановқа жаны ашығаны ма?», «Баяғыда біз білмейтін 37-ші жылдың «қара киімділері» секілді Нарымбетовшілердің «кадры» деген жаңа термин жаңа ғасырда Шымкентте пайда болды» деген жалған, мазмұны шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар жазылған.
Осы жазған негізсіз мағлұматты қандай дәлелге және қандай мәліметтерге сүйеніп жарияланып отырғаныңыз бізге белгісіз.
Сондықтан ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» мағлұматтарыңызды негізсіз болуына байланысты, маған қатысты мағлұматтарды теріске шығаруыңызды сұраймын.
Келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сай мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер таратып, жала жапқаныңыз үшін, сот орындарына жүгінетінімді хабардар етемін.
Құрметпен, қала әкімінің орынбасары
Б.Нарымбетов.
«Қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров па, әлде Б.Нарымбетов пе?»
«Уақыт» газеттің 2013 жылғы 5 шілдедегі №25 (076) санында жарияланған «Қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров па, әлде Б.Нарымбетов па?» (авторы Ағабек Датқаев) деген мақалада маған қатысты, яғни «Ал, шенеуніктің депутатқа бұйрық жасауы – оның «сезікті бұрын секіреді» немесе жұмыс бабындағы әлсіздігін көрсетеді деп түсінген дұрыс шығар. Айналып келгенде, Б.Нарымбетовтің «астыртын кездесулер» мен алдын-ала жүргізген «келісімдерінің» нәтижесінде қала деңгейінде адам түсінбейтін «ойындар» басталып кетті. Жалпы алғанда Б.Нарымбетовке депутаттық корпусқа нұсқау беру құқығын кім берді?», «Сондай-қ, Б.Нарымбетовтың заңды аяққа таптап, Елбасының, билік партиясының ішкі ісіне қарсы қимылдауына, араласуына не себеп болды екен?» деген тағы да жалған мағлұматтар жазылған.
Осы жазған негізсіз мағлұматты қандай дәлелге және қандай мәліметтерге сүйеніп жариялап отырғаныңыз бізге белгісіз.
Сондықтан Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, сізден мақалаларыңызда көрсетілген мағлұматтарыңыздың негізсіз болуына байланысты, маған қатысты мағлұматтарды теріске шығаруыңызды сұраймын.
Келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сай мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер таратып, жала жапқаныңыз үшін, сот орындарына жүгінетінімді хабардар етемін.
Құрметпен, қала әкімінің орынбасары
Б.Нарымбетов.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке
Сіздің 12.07.2013 жылғы №5/23-2668 санды хатыңызға байланысты, газет бетіне жариялануы тиіс мақалаларды толықтыру мақсатында, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18,20-баптарына сәйкес, төмендегі сұрақтарға жазбаша негізде жауап беруіңізді сұранамын:
1. 2013 жылдың 18-маусымы күні Сіз Шымкент қалалық мәслихатының бірнеше депутатымен не себепті кездестіңіз?
2. Мәслихат депутаттарын өз кабинетіңізге шақырып, Шымкент қаласының жаңа әкімі Д.Сатыбалдының «сәлемдемесін» айтуға не итермеледі?
3. Сіз қай органның өкілісіз: тағайындалатын органның ба, әлде сайланбалы органның ба?
4. Мемлекеттік қызметшінің депутаттарды өзіне шақырып, диалог жасауына, олардың ішкі жұмысына араласуына құқы бар ма?
5. «Нұр Отан» ХДП атынан Шымкент қалалық мәслихатына сайланған депутаттарға 2013 жылдың 19-маусымы күні болатын Фракция отырысына қатыспауға «кеңес» бергеніңіз рас па?
6. Сіз мемлекеттік қызметкерсіз, бәлкім «Нұр Отан» ХДП мүшесі боларсыз. Алайда, мемлекеттік қызметкердің партияның ішкі жұмысына араласып, халық қалаулыларын қабылдап, қала әкімінің «сәлемдемесін» жеткізуіңіз заңға қаншалықты сәйкес келеді деп ойлайсыз?
7. «Уақыт» газетінде жазылған мақаланың «Сондай-ақ Б.Нарымбетовтың заңды аяққа таптап, Елбасының, билік партиясының ішкі ісіне қарсы қимылдауына, араласуына не себеп болды екен?» деген тұсына әжептеуір «ыстықтағанға» ұқсайсыз. Сонда сіз депутаттармен жолыққан жоқсыз ба? Фракция отырысы туралы сөз қозғағаныңыз, қала әкімі Д.Сатыбалдының «сәлемдемесін» айтқаныңыз да жалған ба? Сонда кімге сенуге болады, Сізге ме, әлде осы мәселені ашық-жарқын айтып жүрген халық қалаулыларына ма?
8. Сіз өзіңіздің қалалық мәслихаттың депуттарымен жолыққаныңыз туралы мәселені жазған бойымызда, бір емес, үш бірдей хат жазып, сотқа беретініңізді мәлімдепсіз. Олай болса, Өзіңіздің функционалдық міндетіңізді айтып түсіндіріңізші.
Бас редактор үшін
Талғат БАЛТАБАЕВ.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке
Сіздің 12.07.2013 жылғы №5/23-2668 санды хатыңызға байланысты, газет бетіне жариялануы тиіс мақалаларды толықтыру мақсатында, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18,20-баптарына сәйкес, төмендегі сұрақтарға жазбаша негізде жауап беруіңізді сұранамын:
1. Сіз куратор болып бекітілген Шымкент қаласы әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімінің бұрынғы бастығы Н.Сманов не себепті қызметінен кетті?
2. Н.Смановтың Шымкенттің бұрынғы әкімі А.Жетісбаевпен дос ретінде қарым-қатынасы болғаны белгілі. Бұл «достық» қарым-қатынастан Сіздің «үлесіңіз» қаншалықты?
3. 10 млн теңгеден астам мемлекет қаражаты ринг және қосалқы спорт жабдықтарын алу үшін бөлінген еді. Осы қаражат қалай жұмсалды және Н.Смановтың қызметтен кетуіне осы себеп болған жоқ па?
4. 10 млн теңгеден астам мемлекет қаражатының негізсіз жұмсалуына себепкер болғандар, нақтысы, қаржының жұмсалуын дұрыс қадағаламағандар неге жазаланбады?
5. Н.Сманов қызметтен кетерде оған тәртіптік жаза қолданылды ма, әлде ол қызметінен өз еркімен кетті ме?
6. Алмасбек Ғабдуллин Сіздің қол астыңызда қандай қызмет атқарды?
7. Көмекшіңіз болған Алмасбек Ғабдуллин Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығына қалай басшы болып барды?
8. Көмекшіңіз болған Алмасбек Ғабдуллин Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығы директоры қызметінен не себепті босады?
9. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Шымкент қаласы әкімі орынбасарларының арасында кім кураторлық жасайды?
10. Сіз Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ретінде тағы қандай салаларға кураторлық жасайсыз?
11. ҚР Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерген нысандардың сапасыз құрылыстары туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мәселен, Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» ауылындағы 1200 орындық №72 орта мектебінің бүгінгі ахуалы туралы мектеп директоры Ш.Нурабаеваның шағымданбаған жері қалмаған.Оның ішінде Шымкент қаласының әкімдігі де бар. Осы мәселе бойынша неге осы күнге дейін тиісті шара қолданылмай келеді?
12. Шымкент қаласындағы кейбір мектептер ұлттық тест бойынша көш соңында қалып келеді. Елбасымыз «болашақ – бүгінгі жас ұрпақтың қолында» деп, елде жүрген мемлекеттік қызметкерлерге, мұғалімдерге сенім артады. Бұл туралы қандай уәжіңіз бар?
13. Мектептерде оқушылардан ақша жинау фактілері толығымен тоқталды деп сеніммен айта аласыз ба?
14. Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі жыл сайын мемлекеттік тапсырыс негізінде конкурстар өткізіп келеді. Осы конурстардың өткізілуі барысында «тамыр-таныстыққа» жол беріліп жатқан жоқ па? Мемлекеттік құпия емес, конкурс жеңімпаздары мен оларға қарастырылған қаржы көлемінің мәліметін және конкурс жеңімпаздары туралы толыққанды ақпарат берсеңіз.
15. «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ Төрағасының бірінші орынбасары анасының қырық күндік асын беріп жатқанда қала әкімі Д.Сатыбалды екеуіңіз бірдей «футболкамен», тіпті кешігіп келдіңіздер. Сіздердің бірдей киінулеріңіздің, бірге кешігіп келулеріңіздің қандай «сыры» бар? Бұл сіздердің туыстық қатынастарыңыздың бір дәлелі болып көрінеді дегенге не дейсіз?
Ас берілген орынға қала басшыларының «жартылай жалаңаш» баруы ұяттау емес дей аласыз ба?
16. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің редакциясы мекемесіндегі 54 млн теңгенің негізсіз жұмсалғаны туралы қаржы полициясы тексеру бастаған. Аталған газеттердің әрбір нөмірін ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.Төлеген екеуіңіз «лупамен» «шұқшиып» қарап шығатындарыңыз баяғыдан белгілі еді. Аталған мәселе рас болса, мұндай олқылықтарға қалай жол берілді?
Бас редактор үшін
Талғат БАЛТАБАЕВ.
Б.Нарымбетовтің әрекеті «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының Саяси Кеңесі Бюросында қаралады
05.07.2013 жылғы №33 санды хатымызға төмендегідей жауап келді:
«Уақыт» газетінің 05.07.2013 жылғы №25 нөмірінде жарияланған «Қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров па, әлде Б.Нарымбетов пе?» атты мақаламен таныстық. Мақалада көрсетілген дәйектер шындыққа жанасады. Бірінші кезекте, қазіргі таңда Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып депутат Бекназаров қызмет атқаруда. Екіншіден , мәслихат хатшысы Н.Бекназаров бола тұра, Шымкент қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Б.Нарымбетовтің партияның ішкі жұмысына араласқаны орын алған жағдай. Еліміздегі үшінші қалаға айналуға бет алған Шымкент қалалық мәслихатында қазіргі кезде 29 депутат бар, олар халық атынан сайланған халық қалаулары. Оның 25-і қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП Фракцияның мүшелері. Сайланбалы органның өкілдеріне тағайындалған орган өкілінің өз өкімін жүргізгісі келгені – талай жыл бойы идеология саласында қызмет етіп келе жатқан Б.Нарымбетовтың заң білмеуінен туындаған мәселе деуге болмайды. Яғни, қала әкімі орынбасарының көшбасшы партиямен бірлесіп жұмыс істеудің орнына, партияның ішкі жұмысына араласуы – Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы әрекет.
Партияның негізгі мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
Ендеше, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП Фракциясы партия жетекшісі – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын жүргізу үшін, Елбасының стратегиялық бағытын табысты іске асыру үшін, экономикалық және саяси реформаларды мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сатысына көтеру үшін, Елбасы Сондықтан, депутаттарды Фракция отырысына қатыспауға үгіттеу немесе депутаттар арасында үгіт-насихат жүргізуге мемлекеттік қызметшіге құқық берілмеген. Партия немесе партия атынан сайланған депутат өзінің мүддесі үшін емес, ел мүддесін қорғайтын, халыққа қызмет ететін тұлға болуы шарт, ал, мемлекеттік қызметші ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс, сол арқылы өзінің «Ар-намыс» Кодексі алдындағы міндетін дұрыс та, адал атқаруға міндетті деп есептеймін.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының Саяси Кеңес Бюросында қаралады және қабылданған шешім туралы редакцияға қосымша хабарланатын болады.
Құрметпен, Депутат, ОҚО Мәслихатының азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, ОҚО ІІД Полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау жөніндегі қоғамдық Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП ОҚО Саяси кеңесінің Бюро мүшесі – құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бойынша кураторы, «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы: Ө.МЕЛДЕХАНОВ.