МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес қалалық маслихат депутаты Таженов Сакен азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар көтерген көкейкесті мәселелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтарға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Қалжанова Айнур Полатбековна жалғыз басты ана, ІІ-топтағы мүгедек, Муратова Эльмира Қыпшаққызы жалғыз басты 6 баланың анасы күміс алқа иегері, Оразбаева Акмарал Зукуровна жалғыз басты 5 баланың анасы материалдық әлеуметтік, қаржылай көмек алу мәселесі бойынша келген болатын. Қалалық маслихат депутаты Таженов Сакен Кидирбекович аталған азаматшаларға жеке — жеке 20 000 теңге көлемінде қаржылай көмектесіп, мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен келген азаматтар «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне және қалалық маслихат депутаты Таженов Сакен Кидирбековичке ыстық ықыластарын білдіріп алғыстарын жеткізді.